Өз ТАСыңызды табыңыз, ол КҮШ-ҚУАТЫҢЫЗДЫ арттырады

0
602

Оны тек әшекей ретінде кию немесе жанымызда ұстау жеткілікті


Өз ТАСыңызды табыңыз, ол КҮШ-ҚУАТЫҢЫЗДЫ арттырады

Асыл тасты ұнатпайтын жан жоқ шығар. Қай-қайсысы болса да әдемілігімен, тылсым тартымдылығымен көзді арбайды.

Табиғатта әрқайсымыздың өзімізге арналған тасымыз бар. Ол біздің энергиямызды жинақтауға, ең жақсы қасиеттерімізді көрсетуге және күшімізді арттыруға көмектеседі.


Өзіңізге қай тастың сай келетінін анықтау үшін туған күніңіздің датасына қарау жеткілікті. Төменнен өз цифрыңызды тауып алыңыз. Ал асыл тасты қалай пайдалану керегін соңында айтамыз.

1, 10, 19, 28 - Рубин

2, 11, 20, 29 – Інжу

3, 12, 21, 30 - Жасыл және сары сапфир, сары топаз

4, 13, 22, 31 - Анартас және гесонит

5, 14, 23 - Яшма, зүбәржат

6, 15, 24 - Алмаз

7, 16, 25 - Мысық көзі

8, 17, 26 - Көк сапфир

9, 18, 27 - Рубин, коралл


  • Тас дұрыс жұмыс істеуі үшін оны тек әшекей ретінде кию немесе жанымызда ұстау жеткілікті. Тасты әшекейді теріге тікелей тигізіп тағу ұсынылады, тек осы жағдайда тастардың әсерін байқауға болады. Ең жақсысы, тастарды бас бармақтан өзге саусақтарда тағу. Өйткені саусақтар мидың және жүйке жүйесінің нәзік арналарымен байланысты.
  • Бас бармаққа сақина тағу әдетте ұсынылмайды, себебі ол денеге энергияның келуін блоктайды.
  • Сақина мен білезіктерді оң қолда таққан жақсы. Себебі оң қолдағы тасқа күннің, рухани күштердің қуаты көбірек шоғырланады. Ал сол қолда тастар өзінің салқындатушы, қабылдаушы қасиеттерін арттырады.
  • Үш сақинадан артық тағу да ұсынылмайды, себебі энергия араласып кетуі мүмкін.
  • Егер әшекей емес, тастың өзі ғана болса, күнделікті бірнеше минуттай қолға алып, оған қарап, байланыс жасап тұрған жөн.

ERNUR.KZ