Салт-дәстүрді қаншалықты сақтай аласыз?

0
376

Олар дәстүрлерді жиі бұзады, өз жолымен жүріп, жаңа ережелер орнатуды қалайды.


Салт-дәстүрді қаншалықты сақтай аласыз?

Сурет: sun9-34.userapi.com

Көне салтты сақтаушылардан бастап жаңашылдарға дейін, әрбір белгі дәстүрлерге қатысты өзіндік ерекшеліктерге ие. Астрология жұлдыз белгілерінің дәстүрлерге деген көзқарасын ерекше түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

Кімдер дәстүрлерді сақтайды, кімдер ережелерді бұзуды қалайды, ал кімдер өз дәстүрлерін құрады – осы жайлы білу үшін жұлдыз белгілерін қарастырайық. Сіздің жұлдызды белгіңіз қалай мінез-құлқына және дәстүрлерге деген қатынасына әсер ететінін біліп, өзіңізді және айналаңызды жақсырақ түсінуге мүмкіндік аласыз. Бұл сіздің тұлғаңызды жаңа қырынан ашуға көмектеседі.


Тоқты: жаңашылдар мен ереже бұзушылар

Тоқтылар энергиясымен және көшбасшылыққа деген ұмтылысымен танымал. Олар дәстүрлерді жиі бұзып, өз жолымен жүріп, жаңа ережелер орнатуды қалайды. Тоқтылар ескі және қажетсіз болып көрінетін нәрселерді ұстануға бейім емес. Олардың отты табиғаты жаңашылдыққа және эксперименттерге ынталандырады. Бірақ егер дәстүр оларға пайдалы және қызықты болып көрінсе, олар оны қуана қабылдайды, өз тараптарынан бір нәрсе қосуда идеялары таусылмайды.


Торпақ: салт-дәстүр сақшылары

Торпақтар тұрақтылық пен қауіпсіздікті бағалайтын нағыз дәстүршілдер. Олар өздері дәстүрлерді сақтап қана қоймай, айналадағыларды да солай жасауға шабыттандырады. Торпақтар табандылық пен сенімділігінің арқасында мәдени мұраны жақсы сақтаушылар болып табылады. Егер дәстүр олардың жайлылығына немесе қауіпсіздігіне кедергі жасаса, оны өз қажеттіліктеріне сәйкес икемдей алады.


Егіздер: бейімделу шеберлері

Егіздер бейімделу қабілетімен танымал. Олар дәстүрлерге басқа белгілердей қатты байланбайды және жағдайға байланысты өзгертуге дайын. Егіздер жаңашылдық пен әртүрлілікті ұнатады, сондықтан ескі дәстүрлерді жаңаларына ауыстыруда қиындық көрмейді. Бірақ егер дәстүр оларға шынымен қызықты болса, Егіздер таңқаларлық тұрақтылық көрсете алады.


Шаян: отбасы қамқоршылары

Шаяндар үй, отбасы ұғымдарына келгенде өте сезмтал. Олардың көзқарасы бойынша, дәстүрлер ең алдымен отбасылық рәсімдер болып табылады, олар жайлылық пен қорғаншылықты сезінуге мүмкіндік береді. Әсіресе туыстарымен және жақындарымен байланысты дәстүрлерге аса адал, оларды сирек бұзады. Бұл белгі өкілдері отбасылық құндылықтар туралы сөз болғанда өте консервативті болуы мүмкін: олар дәстүрлерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді.


Арыстан: өз дәстүрін қалыптастырушылар

Арыстандар дәстүрлерді сақтай алады, сонымен қатар оларды жаңадан құрып, өз салтын қалыптастыра алады. Кейін бұл дәстүрлер өз ортасында қолдауға ие болып, кең қолданысқа еніп кетуі мүмкін. Арыстандар әрдайым назарда болуды ұнатады және өзгешеленуден қорықпайды. Олар дәстүрлерді сақтап, сонымен қатар жаңа дәстүрлерді орнатуға қабілетті, олар өздерінің харизмасы мен күшті мінезі арқылы жаңа нормаларды қалыптастырып, басқалар үшін тартымды етеді. Егер дәстүр оларға жарқырап көрінуге мүмкіндік берсе, Арыстандар оны қуана насихаттайды.


Бикеш: салтқа сыни көзқарас

Бикештер дәстүрлерге жауапкершілікпен және мұқият қараса да, оларды практикалық тұрғыдан бағалайды. Ырым-тыйымдарды, әдт-ғұрып ережелерін қатаң сақтауға тырысады. Бірақ ақылға қонымды және қолайлы болса ғана. Бикештер дәстүрлерді дұрыс сақтамайтын адамдарға сын көзбен қарайды. Егер дәстүр олардың жоғары талаптарына сәйкес келмесе, Бикештер оны еш күмәнданбай тастайды.


Таразы: тепе-теңдік шеберлері

Таразы дәстүрлерге деген көзқараста үйлесім мен тепе-теңдікті іздейді. Олар бір уақытта консервативті және прогрессивті бола алады, ескі мен жаңаның арасынан алтын ортаны табады. Бұл белгі өкілдері жиі медиаторлар рөлін атқарып, басқаларға әртүрлі дәстүрлердің маңыздылығын түсінуге көмектеседі. Дипломатия мен әділдікке деген ұмтылыс оларды дәстүрлердің жақсы сақтаушылары етеді.


Сарышаяндар: жаңашылдар

Скорпиондар терең интуиция мен құмар мінезге ие. Олар дәстүрлерді құрметтеу де, бұзу да мүмкін, егер бұл мақсаттарға жету үшін қажет болса. Скорпиондар көбінесе дәстүрлі нормалардың жасырын аспектілерін көреді және оларды өз пайдасына пайдалана алады. Шешімділік пен ерік-жігердің арқасында олар өз ортасында жаңа дәстүрлерді енгізеді. Егер дәстүр оларға беткі және мағынасыз болып көрінсе, олар оны оңай тастайды.


Мерген: еркіндік сүйгіш саяхатшылар

Құмарлыққа толы, приключения іздеушілер, олар дәстүрлерге сирек байланады. Еркіндік пен жаңалықты ұнататындықтан, олар жиі дәстүрлі нормаларды бұзады, жаңа мүмкіндіктер ашу үшін. Стрельцы өздерінің саяхаттарынан және мәдени әсерлерінен шабыт алып, жаңа дәстүрлерді қалыптастырады. Оптимизм мен жігерліліктің арқасында олар кез келген өзгерістерге тез бейімделеді.


Тауешкі: консерваторлар және практиктер

Козерогтар уақытпен тексерілген дәстүрлерді ұстанады және оларға сирек қана бұзылады. Бұл жұлдыз белгісі зодиактағы ең консервативті белгілердің бірі. Олар әсіресе мансап пен әлеуметтік статусқа қатысты дәстүрлерді қатаң сақтайды. Козерогтар практикалық және тәртіптілігімен дәстүрлердің сенімді сақтаушылары болып табылады. Дегенмен, егер дәстүр тиімділіксіз немесе пайдасыз болып қалса, олар оны өзгерте алады, бірақ мәні сақталады.


Суқұйғыш: революционерлер және жаңашылдар

Суқұйғыштар дәстүрлерді сирек ұстанады. Олар өз ережелерін орнатады және жиі дәстүрлі нормаларға қарсы шығады. Суқұйғыштар еркіндік пен жеке тұлғаны бағалайды. Креативтілік пен жаңа идеяларға ашықтық олардың әлеуметтік және мәдени өзгерістердің пионерлері болуына мүмкіндік береді.


Балықтар: мистиктер және дәстүрлерді құрушылар

Балықтар өте интуитивті және эзотерикалық ойлауымен ерекшеленеді. Олар әсіресе руханилық пен эмоционалды тәжірибелерге қатысты дәстүрлерді сақтауы мүмкін. Бұл белгінің сезімталдығы мен эмпатиясы дәстүрлердің маңыздылығын сезінуге және оларды басқаларға жеткізуге көмектеседі. Егер дәстүрлер олардың ішкі әлеміне сәйкес келмесе, Балықтар олардан оңай бас тартады.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Ең РОМАНТИК ер-азаматтар ҚАЙ КҮНІ дүниеге келеді?