​«МЕН СЕНІ СҮЙЕМІН» деген сөзді кім қалай айтады?

0
3 917

Дәл осы мағынаны басқа сөзге сыйғызып, байқатпай жіберетінін қайтерсің?


​«МЕН СЕНІ СҮЙЕМІН» деген сөзді кім қалай айтады?

«Мен сені сүйемін» - осы бір сиқырлы күші бар сөзді естуге әркім ынтық, алайда айтуға бәрінің дәті бара бермейді. Әсіресе, әйелдері қанша естігісі келсе де, ерлер қауымы осы сөзбен қуантуға сараңдау. Дегенмен, дәл осы мағынаны басқа сөзге сыйғызып, байқатпай жіберетінін қайтерсің?

Сүйіктіңіздің жұлдыз белгісіне қараңыз да, қай сөзді айтқанында «Мен сені сүйемін» деген мағынаны ұғуға болатынын төменнен біліңіз.


ТОҚТЫ – «Маған сен жасаған нәрсенің бәрі ұнайды»

ТОРПАҚ – « Мен саған сенемін»

ЕГІЗДЕР – «Мен саған әлемде бардың бәрін алып беремін»

ШАЯН – «Жанымнан ешқашан кетпе, үнемі қасымда бол»

АРЫСТАН – «Сен жеңдің, мен жеңілдім»

БИКЕШ – «Сенімен бірге қартайғым келеді»

ТАРАЗЫ – «Сені дәл осы қалпыңда қабылдаймын»

САРЫШАЯН – «Мен сенің қорғаның боламын»

МЕРГЕН – «Екеумізге қатыстының бәрі мен үшін маңызды»

ТАУЕШКІ – «Екеуміздің бірге болуымыз – біздің жеңісіміз»

СУҚҰЙҒЫШ – «Қайғыда да, қуанышта да жаныңнан табыламын»

БАЛЫҚТАР – «Қандай қателік жасасаң да, кешіремін»


Міне, дәп осы сөздерді айтса да, мағынасы айналып келіп осыған тірелсе де, осы сөздерге сай іс-әрекет жасаса да, бәрінің астарында «МЕН СЕНІ СҮЙЕМІН» деген жалынды сөз жатқанын біліңіз. Бағалаңыз.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Өзіңіздің әлсіз тұсыңызды білесіз бе?