ТЕГІН өзгерткен адамның ТАҒДЫРЫ да өзгереді

0
7 693

Өзгерістің оң не теріс боларын алдын ала қалай білеміз?


ТЕГІН өзгерткен адамның ТАҒДЫРЫ да өзгереді

Қазіргі уақытта аты-жөнін ауыстыру сәнге айналғандай. Әсіресе, өнер адамдары көпшілікке өз тегімен емес, лақап атпен танылуға әуес. Тек ауыстыруға құмар тағы бір топ – ер жігіттер. Әлбетте, олар өз тегіне тиіспейді, тек өмірлік жарын өз ата-бабасының атына аударып алғысы келіп тұрады. Бұдан да басқа жағдайлармен атын не фамилиясын жаңартып жататындар бар. Осы тұста мына нәрсені ескеру маңызды: адамның аты-жөнін ауыстыру оның болашағына әсер етеді. Яғни, маңдайына жазылған тағдырын өзгертіп жіберуі мүмкін екен.


Тектану терең ғылым. Адамның шыққан тегінде ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан тылсым күш, қуатты энергетика сақталады. Осы қуат оның өмір жолында серік болады. Мінез-құлқының қалыптасуына да ықпалы бар.


Есім – бұл біздің бағдарламамыз, өмір жолында қалыптастыруға тиіс қағидалар.

Әкенің аты – ата-бабадан берілетін қасиеттер мен қабілеттер, олардың қолдауы мен қорғауы.

Тегіміз – қайдан шыққанымызды, қандай тектік бағдарламаны алып жүргенімізді, кім екенімізді айналаға паш етуші ақпарат.


Осы тұста әркім өзінің есімі, әкесінің аты және тегі бойынша әріптік талдау жасау арқылы өз бойындағы құпия ақпаратпен таныса алады.

А, Ә – интеллектуалдық қабілет, философиялық терең ойшылдық, алдымен ақылға салу қасиеті.

Б – рақымшылдық, бәрінің қайғысы мен қиындығына ортақтаса алу, әркез көмекке келуге дайын болу, бүгіннен көрі болашақты көбірек ойлау.

В – жасампаздық, білімділік, ой мен істің бытыраңқылығы, сыншылдықтың болмауы.

Г, Ғ – логикалық, аналитикалық ойлау қабілеті, жаңалықтар мен ашылуларға деген құмарлық, қулық және адамдарды айтқанына сендіре білу қабілеті.

Д – мейірімділік, қоршаған ортаға қамқорлық.

Е, Ё – отбасын, үй-жайын бірінші орынға қою, бірбеткейлік, қырсықтық, өзін-өзі кінәлайц кетуге, жазғыруға бейімділік, молшылықта өмір сүру.

Ж – еті тірі, сауда-саттыққа икемді, табиғатынан қаржымен қарым-қатынасы жақсы, финанстық сауаты жоғары, соның арқасында ақша жинап, орнымен жұмсай біледі.

З – сөзге шешен, тілге бай, табанды, ешкімнің ығына жығыла қоймайтын, сөзіне ере бермейтін тұрақтылық.

И – сөзде де, істе де бірізділік, ақшаға мұқтаждығы, қаржылық қажеттілігі жоғары, жеке дара оза шаба алмайды, топтық жұмысқа бейім, әртістік қабілет басым.

Й – ұстаздық қызметке бейімділік, магиялық қабілет, іштей өзіне сенімсіздік.

К, Қ – адамдарды сөзіне сендіре, дегеніне көндіре білу, әділдікке ұмтылу, ұйымдастырушылық қабілет.

Л – эзотерикаға жоғары қызығушылық, тылсымға сенгіштік, спиритикалық және астрологиялық, болжамшылық қабілет.

М – жағдайға тез бейімделу, еті тірі болу, ақыл-ой еңбегіне бейімділік, аздап жалғанға жол бергіштік.

Н, Ң – тұйықтық, адамдармен тіл табыса алмау, араласатын ортаның тарлығы, жеке өмірдегі қиындықтар.

О, Ө – жалғыздықты, оңашалықты сүю, қиялға берілгіштік, жақындары тарапынан сатқындықты көп көру.

П – өз-өзімен, айналасымен татулықта, тыныштықта, үйлесімде өмір сүру, рухани байлық, қорғансыздық, дәрменсіздік.

Р – көңілдің, жанның тазалығы, адал ниет, тиімділік, ұтымдылық.

С – эмоцияға берілгіштік, еркіндік, магиялық қабілеттер, көшбасшылық, адамдардың жанын, жай-күйін айтқызбай түсіне алу, қуаныш-қайғысына шын жүректен ортақтаса білу.

Т – жан-жақты талант, өнертапқыштық.

У, Ұ, Ү – дарындылық, ескішілдік, кертартпалық, заңға, ережеге бұлжытпай бағыну.

Ф – терең түйсік, ұйымдастырушылық қабілет, сақтық.

Х – махаббатқа сену, сезімге берілгіштік, көпқырлылық, әділдік орнатуға деген құштарлық.

Ц – таланттылық, күмәнге берілгіштік, адамдарға сенім артудың қиындығы, әртістік қабілет.

Ч – адамдарға жаны ашығыштық, өзіне деген сенімсіздік.

Ш – беймазалық, қарбалас, бәрін қамқорлығына алуға, желеп-жебеп жүруге құштарлық.

Щ – эгоизм, мейірімсіздік, рақымсыздық.

Ъ, Ь – алдау-арбау, ұры-қарылыққа, қылмысқа бейімділік.

Ы – алкоголизм, зиянды әдеттер алдындағы әлсіздік.

Э – қайғылы жағдайларға жиі тап болу, тауқымет тарту, ұрпағының алдында қадір-қасиетінің төмендеуі.

Ю – қулыққа, алдап-арбауға, сатқындыққа бейімділік.

Я – өзіне көңілі толмаушылық, өзін жазғыруға, айыптауға бейімділік, фанатизм, жанкештілік.


Міне, кісінің есімі болсын, тегі болсын, ондағы әрбір әріптің осындай мән-мағынасы бар. Аты-жөніңізді ауыстыруға түбегейлі шешім қабылдап, қандай салдары болса да бас тартпаймын десеңіз, әрине өз еркіңіз. Тек, жаңа ныспыңыз не тегіңіздің құрамындағы әріптердің қандай мәні барын алдын-ала біліп алған артық болмас. Қайткенмен, аты-жөніңізбен бірге мінез-құлқыңыз, қасиеттеріңіз бен қабілеттеріңіз де өзгеруі әбден мүмкін ғой. Ал, мұның бәрі жиылып келіп тағдырды қалыптастырады.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Кімдерге АЛТЫН тағуға БОЛМАЙДЫ?