ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Оған ұнайтын хош иіс

0
1 145

Иістер өмірімізде маңызды рөл атқарады


ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Оған ұнайтын хош иіс

«Бұл ақпарат маған не үшін керек?» деп отырған боларсыз. Иістер біздің өмірімізде өте маңызды рөл атқарады:

- адамға ләззат сыйлайды;

- қауіп туралы ескертеді;

- еңбек өнімділігі мен жұмыс сапасын арттырады;

- жүйке жүйесінің жұмысын жандандырады, шаршауды басады;

- оқу үдерісін қызықты етеді және есте сақтауды ынталандырады;

- маңызды нәрсеге зейін қойып, сапалы жұмыс жасауға көмектеседі;

- стрессті жеңілдетуге көмектеседі;

- ұйқыны реттейді;

- адам өміріндегі әрбір оқиға өзіне тән хош иіспен бірге жүреді;

- кәсіби ароматерапия адамға терең жасырылған эмоциялардан арылуға көмектеседі;

Сондай-ақ, әр адамның өзіне ғана тән қайталанбас және дара иісі болады. Соның арқасында нәрестелер анасын таниды, ал жануарлар өз иесін ерекше иісі арқылы табады.

Ал кейде жақын адамыңыздың жақсы көретін хош иісін білу арқылы оның көңілін табуға болады.


ТОҚТЫ

Қарбыз, үйеңкі шәрбаты, сүт және орхидея гүлінің жұпары


ТОРПАҚ

Балды торт, жанармай, еменнен жасалған бағалы жиһаздың иісі


ЕГІЗДЕР

Кофе, ерлер иіссуы, қышқыл жасыл алма, карамельдің хош иісі


ШАЯН

Даршын қосылған пісірме, спирт, апельсин, түймедақ шайы


АРЫСТАН

Бөртегүл, піскен қызанақ, сусабын, тәтті шарап иісі


БИКЕШ

Жаңа орылған шөп, дәріхана, көне кітап, темекі түтіні


ТАРАЗЫ

Манго, шоколад, ваниль, метро, ыстық нан


САРЫШАЯН

Жанып жатқан ағаш, көктемгі иіс, зімбір қосылған пісірме иісі


МЕРГЕН

Жалбыз, жауыннан кейінгі иіс, қылқанжапырақты өсімдіктер жұпары, лаванда иісі

ТАУЕШКІ

Жалпақ жапырақты орман, ерін далабы, макадамия жаңғағы, еріген балауыз иісі


СУҚҰЙҒЫШ

Раушан гүлі, мускат жаңғағы, таңқурай, желім


БАЛЫҚТАР

Теңіз желі, даршын, шоколад, сия иісі

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

«ЖҰЛДЫЗЫ ҚАРСЫ»: бір-бірімен СӨЗІ ЖАРАСПАЙТЫНДАР кімдер?