​Жұлдызнама бойынша: Сізге қандай сырға сәйкес келеді?

0
7 453


​Жұлдызнама бойынша: Сізге қандай сырға сәйкес келеді?

Фото: eachdesk.com

Әшекей таңдауға келгенде, әйелдер үшін бәрі де маңызды. Оның бағасы мен бейнесі, сәні мен сапасы, үлгісі мен бедері, бетіндегі тастары, бет пішініне, реңіне үйлесуі... Не қалып кетті? А, иә, жұлдыз белгісіне сәйкес келуі.


Тоқты


Сізге әдеттегіден тыс, пішіні өзгеше, дизайны айрықша сырғалар ғана лайықты. Оның жасалған металының қымбат болуы маңызды емес. Ең бастысы, ерекше үлгісімен бітіміңіздің бөлек екенін айшықтап тұрса болғаны.


Торпақ


Жер шарындағы байлық пен сән-салтанаттың белгісіндей болған барлық асыл тастар Сізге тән. Қайсысын тақсаңыз да, сәніңізге сын келтірмей, қайта сұлулық үстеп тұрады. Тек бір сырғада араласқан асыл тастарды талғаммен екшей алсаңыз болғаны.


Егіздер


Бірден көзге түсетін, үлкен көлемді сырғалар алып әуре болмаңыз. Олар сіздің жаныңызға да, табиғатыңызға да сай емес. Сізге лайықтысы – кішкентай, елеусіз, бірақ сонысымен құнды сырғалар.


Шаян


Сізге гүлді үлгідегі сырғалар керемет үйлеседі. Олардың түсі, көлемі маңызды емес. Гүлді сырғаның қай-қайсысы болса да ажарыңызды аша түседі.


Арыстан


Сізге сары түсті металдардан, әсіресе, алтыннан жасалған сырғалар лайық. Алтын мен алтын түстес заттарды бұрыннан жақсы көретініңізді мойындаңызшы. Ендеше, сырға таңдауда да осы талғамыңыздан таймаңыз.


Бикеш


Неше жасқа келсеңіз де, әшекей таңдауда ішіңіздегі бала-Бикешті оятып, соның талғамына жүгініңіз. Ол жеміс-жидектер үлгісіндегі, ашық түсті сырғаларды таңдайды. Талғамына күмән келтірмей, келіскен жөн.


Таразы


Жан-жануарлардың бет-бейнесі үлгісінде жасалған түрлі-түсті сырғалар Сіздің табиғатыңызға сай келеді. Жануардың басы өз басыңызбен бірдей болып қалмауы үшін көлемінің кішірек болғаны дұрыс.


Сарышаян


Көлемі кішкентай, бірақ бағасы қымбат, нақышты, көркем сырғалар Сарышаяндар үшін таптырмас үлгі. Жан-жануарлар бейнесі мен әшекей жасау өнерінің иірімдері үйлесім тапса, құба-құп.


Мерген


Жан-жануарлар бейнесіндегі сырғаларды еш қымсынбай тағуына болатын тағы бір белгі иесі – Мерген. Тек, олардың сырғасы түрлі-түсті тастармен безендірілмеген, бір түсті, көлемінің кішкентай болғаны дұрыс. Ең жақсы нұсқа – күміс түстес сырғалар.


Тауешкі


Тауешкі белгісіне үлкен көлемді, дөңгелек пішінді, бедерлі сырғалар сәйкес келеді. Асыл тастарының болуы маңызды емес. Неғұрлым қарапайым болса, соғұрлым жақсы.


Суқұйғыш


Түрлі моншақтары тізілген, этно-стильдегі үлкен көлемді салпыншақ сырғалар суқұйғыштар үшін ең жақсы үлгі.


Балықтар


Металы да, тасы да бағалы сырғалар Балықтардың жан-дүниесі мен сырт келбетіне сәйкес келеді. Көлемінің үлкен болуы маңызды емес. Жоғары талғаммен, ерекше үйлесімділікпен жасалса болғаны.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

Дереккөз: trikky.ru