Өкінішке орай, жүрегін тыңдай алмайтын, түсінбейтіндер көп
Біздің іс-әрекеттеріміз, мінез-құлқымызды ми мен жүрек басқарады. Кейде екеуі келісімге келе алады. Енді бірде екі жаққа тартып, дал қылатыны бар. Ондайда қай жеңгенінің дегені болады. Білетіндер өмірлік маңызды жағдайларда мидан гөрі жүректі көбірек тыңдасаң, қателеспейсің дейді.
Өкінішке орай, жүрегін тыңдай алмайтын, түсіне алмайтындар бар. Жүрекпен тілдесу, не дейтінін анық тыңдай алу үшін алдымен жақын танысу керек.
ТОҚТЫ
Нағыз батыл, отты, қуатты жүрек иесісіз. Жүрегіңіз әрдайым асуға тиіс белестер, жеңуге тиіс қиыншылықтар іздеп тұрады. Қандай қиындықтан болсын тайсалмайтыныңыз, тәуекелге бел буғыштығыңыз, тез шешім қабылдай алатыныңыз осы жүректің арқасы.
ТОРПАҚ
Сізде адал, бірбеткей, сөйте тұра секемшіл, махаббат пен сұлулыққа толы жүрек бар. Сезімталдығыңыз, адамдарға, әлемге деген шексіз махаббатыңыз, адалдық пен тұрақтылығыңыз, адамдардың сізге үлкен сенім артуы – бәрі де осы қайнардан шығып жатыр.
ЕГІЗДЕР
Жағдайға оңай бейімделетін, бәрін жеңіл қабылдай алатын, түрлі қызығушылық пен толқыныстарға толы мәңгі бала жүректің иесісіз. Әлемнің сіз білмейтін құпиясы, жауабын таппаған жұмбағы қалмағанша талпынатын ізденісіңіздің, өткір де терең ойлылығыңыздың, әлемге ашықтығыңыз бен қиыншылықтарды қасқайып қабылдай алатын мықтылығыңыздың бастауы осы жүректен шығып жатыр.
ШАЯН
Кеудеңізде паршаланудан қорықпайтын, өзін қайта жинай алатын, түйсігі терең, қамқор әрі төзімді жүрек соғып тұр. Адамдар арасында ең жұмсақ, мейірімді, сезімтал, романтикаға бейім болып келетін белгі – Шаяндар. Жүрегінің еркіне басымдық берсе, көптеген игі істер атқарады, түйсігін тыңдап, жаза баспайды, махаббат үшін бәріне дайын күрескер болады.
АРЫСТАН
Қызуқанды, өзіне сенімді, сүйе білетін және сүйікті бола алатын, жомарт жүрек иесі. Осы жүректің арқасында әрқашан адамдардың назарында жүреді. Өзіне сенімділігін жоғалтпайды, намысын таптатпайды. Жеке өмірі асау сезімдерге, терең махаббатқа, романтикалық оқиғаларға толы.
БИКЕШ
Шынайы махаббатқа сенетін, ең адал, ең ақкөңіл жүрек Бикештерге бұйырған. Жүрегіңіз мимен, санамен жақсы байланыс орната алатындықтан, сәл ғана білімге ұмтылсаңыз, саналы, интеллектуалды әрі интеллигентті адам болып қалыптасуыңыз оңай.
ТАРАЗЫ
Барлық нәрседен әдемілік пен үйлесім іздейтін, романтикаға, шығармашыл идеяларға, жаңашылдыққа толы сұлу жүрек – сізде. Жүрегіңізден шашылған махаббат, мейірім жүрген жеріңізде айналаға кең таралып, біршама адамзатқа жетіп жатады.
САРЫШАЯН
Сіздің жүрегіңіз терең түйсікпен астасып жатыр. Түкпірінде билікке, атаққа деген құмарлығыңыз жасырынып жатыр. Құштарлық пен қамқорлыққа, эмоциялар мен сезімдерге тұнып тұрғанын да айта кету керек. Сондықтан, бір ғана жүрекке сүйенбей, ақыл-оймен саралап барып шешім қабылдағаныңыз жөн.
МЕРГЕН
Азға қанағат етуді білмейтін, тұрақтылықтан іші пысатын, бір өзіне бүкіл әлемді сыйғыза алатын кең жүректің иесісіз. Осындай жүректің басқаруымен мол байлыққа, билікке, терең білімге, жоғары мәдениетке қол жеткізесіз.
ТАУЕШКІ
«Асқақ рухты», «өр кеуде», «жүрегінің түгі бар» деп сіздей жандарды айтады. Өйткені, жүрегіңіз осындай сипатты іс-әрекеттерге жетелейді. Жайшылықта сабырлы, тыныш, момақан болғаныңызбен, қажет жерде батылдығыңызды көрсете білесіз.
СУҚҰЙҒЫШ
Жүрегіңіз әрдайым басқалар деп соғады. Сондықтан жақындарыңызды өзіңізден де қатты жақсы көріп, бәрінен жоғары қоясыз. Жүрегіңізде үлкен мейірім мен терең түсіністік орнаған. Үнемі адамзаттың хал-жағдайын жақсарта түсудің жолын іздеп жүресіз.
БАЛЫҚТАР
Өте сезімтал жүрегіңіз махаббатқа толы. Эмоцияға берілгіштік, ұялшақтық, сезімталдық, қиялшылдық, рақымшылдық рейтингінде бірінші орынды алып тұрасыз. Өз басыңызға түскен не өзге біреудің қиындығын жүрекке жақын қабылдамау – сіз үшін мүмкін емес нәрсе. Сонда да сақтануды үйренгеніңіз абзал.
Аударған: А. Мейірханқызы,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: