Қалыңдық гүліне таласқан бойжеткендер төбелесіп қала жаздады (видео)

0
1 579

​ERNUR.KZ. Қалыңдық гүлін қағып алса, артынша тұрмысқа шығады дегенге сенесіз бе? Сіздіңше бұл жай, бос сөз болуы мүмкін. Бірақ, оған бүкіл ықыласымен сенетіндер де аз емес. Желіде тарап кеткен мына бір видеодан соны аңғаруға болады.


Қалыңдық гүліне таласқан бойжеткендер төбелесіп қала жаздады (видео)

ERNUR.KZ. Қалыңдық гүлін қағып алса, артынша тұрмысқа шығады дегенге сенесіз бе? Сіздіңше бұл жай бос сөз болуы мүмкін. Бірақ, оған бүкіл ықыласымен сенетіндер де аз емес. Желіде тарап кеткен мына бір видеодан соны аңғаруға болады. Тойда босаға аттамаған құрбыларына «өзімнің жолымды сендерге берсін» деп қолыңдағы гүлін лақтырған қалыңдықтың бұл әрекетінің соңы төбелеске ұласайын деп қалды. Бірнеше бойжеткен гүлді ұстап, ақыры соңында көз жанарын алатын гүл шоғының быт-шыты шығып, тек бұтағы ғана қалған. Гүлге таласқан арулардың бұл әрекетін желідегілер сынның астына алды. «Не болды сонша?», «Мынадай түрлерінен күйеу де қашатын шығар», «Неткен жабайылық. Мұндайларға гүл шоғы расымен де көмектеспейді. Есесіне тойдың шырқын бұзыпты», «Ұятын-ай», «Құдай сақтасын, мына қазақтың қыздары не істеп жатыр? Ұят-ай, басқаларға күлкі болдық-ау» деп пікір жазды видеоны көрген қолданушылар.

Видео: желіден алынды