«Ыстықтап кеттік»: Үстеріне сүт құйған шымкенттіктер елдің ашуын тудырды (видео)

0
4 954

ERNUR.KZ. Не шықса да Шымкенттен шығады. Елді таң қалдырудан шаршамайтын шымкенттіктер бұл жолы көптің ашуын тудырды. Белгісіз жас жігіттер қаланың қақ ортасындағы ойын-сауық орталығының алдында үстеріне сүт құйып, салқындамақ болған.


«Ыстықтап кеттік»: Үстеріне сүт құйған шымкенттіктер елдің ашуын тудырды (видео)

ERNUR.KZ. Не шықса да Шымкенттен шығады. Елді таң қалдырудан шаршамайтын шымкенттіктер бұл жолы көптің ашуын тудырды. Белгісіз жас жігіттер қаланың қақ ортасындағы ойын-сауық орталығының алдында үстеріне сүт құйып, салқындамақ болған. Олардың бірі алдымен қораптағы сүтті ашып бір ұрттап алады да, кейін үстіне құя бастайды. Бұл көріністі әлдекім видеоға түсіріп алған. Үстіне ақ құйған тұрғынның бұл әрекеті ойын-сауыққа келушілерді таңырқатты. Желіде тараған видео қазақстандықтардың шамына тигендей әсер қалдырды. Көпшілік кейбір азаматтар нанға ақша таппай жүргенде бұлардың мұндай әрекеті асыра тоқшылықтың кесірі деген болжам жасады. «Ақты төгуге болмайды ғой», «Еден жудыртып қою керек мұндайларға», «Тоқшылықтан осыған жетіп жүргендер», «Мастанып не істерлеріңді білмей жүрсіңдер ғой», «Милары қалмаған», «Обал, құтырғандар. Біреулер нанға зар, бұлар ойнайды», «Аш жүргізу керек бұларды. Не тамақтың қадірін білмейді, не тәрбие жоқ», «Қарны тоқтық, көйлегі тоқтық аздырар адам баласын», «Сананың төмендігі» деп ашуға булықты желі қолданушылары. Айтпақшы, пікір қалдырушылардың бірі бұл екі жігіт өзара бәстескендіктен осындай қадамға барған деп ақтап алмақ болды.

Видео: желіден алынды

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер қолданылады