Еріне ризашылығын өлеңдетіп жеткізген жас келіншек көпшілікті тәнті етті (видео)

0
5 764

Күйеуіне алғысын ерекше әдіспен жеткізген белгісіз келіншек ғаламтор жұлдызына айналды. Ол көпшілік отыран дастархан басында жолдасына жүрекжарды ризашылығын жеткізген. Өз сөзін «менің жарым болғаныңыз, әлемдегі барлық қыздардың ішінен мені таңдағаныңыз, махаббат айдынында сыңар аққуым боп бірге жүзгеніңіз үшін» деп өлең жолдарын бастаған келіншек дастархан басында отырғандардың таң қалдырды.

Еріне арнаған өлең жолдарында әйелдерді имандылыққа баулып, үнемі Алла мен қиямет күнін есіне салып отырған күйеудің әрекеті де баяндалады. Сонымен қатар келіншек жарының соңғы демдері қалғанша бірге болуды қалайтын күйеуінің сүйікті жарынсыз ас батпайтыны туралы да айтылады.

«Отбасы үшін күні-түні демей еңбек етуге әзірлігіңіз үшін,

Бақытты отбасы болуға барынша талпынатыңыз үшін,

Ер азаматқа сай барлық жақсы қасиеттер бойыңыздан табылғаны үшін,

Мені салиқалы әйел болуымды Алладан сұрайтыныңыз үшін,

Алланы, қиямет күнін әрдайым есіме салатыныңыз үшін,

Жақсы уағыздар айтып, ізгілікке үндейтініңіз үшін,

Имандылық деген ең бағалы қасиеттің иесі болғаныңыз үшін,

Өзіңізге өзімнен артық сенгенімнен сендіре алғаныңыз үшін,

Екеуміз екі дене, жанымыз бір деген ұраныңыз үшін,

Сізге АЛҒЫСЫМ шексіз» деп ризашылығын түйіндейді келіншек.

Бұл сәтті дастархан басында отырған қонақтардың бірі видеоға түсіріп алған. Видое желіде тез тарап, көпшілік ерін сыйлаған келіншекке тәнті болып, нағыз қазақтың әйелі осындай болу керек деп бір-біріне кеңес берді.

Видео: желіден алынды