Перзентханаға трактормен келіп ән шырқады (видео)

0
1 644

ERNUR.KZ. Желіде белгісіз азаматтың жаңа туған сәбиін перзентханадан алып шыққан сәтінің видеосы пайда болды. Сәбилі болғанына қатты қуанған тұрғын медицина мекемесінің алдында шоу бағдарлама ұйымдастырып, өзгелердің назарын аударуға барынша тырысқан секілді.


Перзентханаға трактормен келіп ән шырқады (видео)

ERNUR.KZ. Желіде белгісіз азаматтың жаңа туған сәбиін перзентханадан алып шыққан сәтінің видеосы пайда болды. Сәбилі болғанына қатты қуанған тұрғын медицина мекемесінің алдында шоу бағдарлама ұйымдастырып, өзгелердің назарын аударуға барынша тырысқан секілді. Онда түрлі қойылымдар мен отшашуларды анық көруге болады. Ең қызығы, сахнаны тракторға алмастырып, ауыл шаруашылық техникасының үстінде қазақтың ұлттық киімін киіп алып ән салып тұрған бойжеткен көпшіліктің күлкісін келтірді. Желі қолданушылары тұрғынның бұл әрекетін ақшаны ауаға шашу әрі күлкілі деп сөксе, кейбірі оны қолдап, күн сайын сәбилі бола бермейтінін, өз перзенті үшін мұндай қадамға барған азаматтың бұнысы өзгелерге үлгі екенін алға тартты. Айтпақшы, желідегілердің болжамы бойынша бұл жағдай Шымкенттегі перзентханалардың бірінде орын алған көрінеді. Ал тағы бір қолданушы бұл күтпеген сый Атырауда болған дегенді алға тартып отыр.

Видео: желіден алынды