Дәмдес болған достарын тонап кеткен бойжеткен ұятқа қалды (видео)

0
1 289

​ERNUR.KZ. Достарымен бірге отырысқа келіп, кейіннен барлығы сыртқа шығып кеткен сәтті ұтымды пайдаланған бойжеткен дастарқандас болғандардың ақшаларын қолды етіп кеткен.


Дәмдес болған достарын тонап кеткен бойжеткен ұятқа қалды (видео)

ERNUR.KZ. Достарымен бірге отырысқа келіп, кейіннен барлығы сыртқа шығып кеткен сәтті ұтымды пайдаланған бойжеткен дастарқандас болғандардың ақшаларын қолды етіп кеткен. Бірнеше адамның күртешесі мен сөмкелерінен қаржы жымқырған бойжеткеннің қанша ақшаны ұрлап алғаны белгісіз, әйтеуір өзгелердің нәпақасын оңай олжа еткен ол еш қысылмастан өз әмиянына салып отырған. Бойжеткенннің ұрлау әрекеті дәмхананың бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан арудың өзгенің әмиянынан ақшаны еш қысылмастан алып жатқан сәтін анық көруге болады.

«Ұрлау» операциясының видеосын көргендердің кейбірі бұл көріністі ел назарын аударту үшін алдын ала ұйымдастырылып түсірілген деген ойда қалды. Ал енді бірі ұрлық жасаған аруға түсіністікпен қарап, кешірім беруді өтінген. Тағы бір қолданушы бұл жайтқа отырыс кезінде бойжеткенді жалғыз қалдырған жәбірленушілердің өздерін кәналаған.

Видео: желіден алынды

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер қолданылады