Емханада медбике науқас келіншекті ұрып жіберді (видео)

0
3 370

Ақтөбедегі №2 емханада шу шықты, - деп хабарлайды diapason.kz-ке сілтеме жасап ERNUR.KZ.


Емханада медбике науқас келіншекті ұрып жіберді (видео)

Ақтөбедегі №2 емханада шу шықты, - деп хабарлайды diapason.kz-ке сілтеме жасап ERNUR.KZ.

Медбике өзін видеоға түсіріп тұрған келіншекті ұрып соққан. Емханаға келген балалы ана болған жағдайды видеоға түсіріп алып, ғаламторға салып жіберген. Куәгерлердің айтуынша, таяқ жеген келіншек медбикені солай жасауға мәжбүрлепті. Бірақ видеоға бұл көрініс түспеген. Бұл жағдайға қатысты видеоны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі медицина қызметкерінің қандай жағдай болмасын келіншекке қол жұмсауы ақылға қонымсыз деп сөксе, келесі бір медбике мейірімді екенін алға тартып, оның әрекетін қолдаған. Ал медицина мекемесенің бөлім меңгерушісі Марина Есетова бұл жағдайға қатысты өз тұжырымын білдірді.

«Видеоны көрген әрбір адам өз болжамын жасады. Бірақ, ол шындыққа сәйкес келмейді. Балалы науқас келіншек біздің емханада бұрыннан тіркелген. Олар медбике көмегіне жиі жүгінетін. Медбике үнемі оларға көмек беріп, тіпті оларды кезектен тыс қабылдайтын. Бұл күні келіншек кабинетке күйеуімен, баласымен және енесімен баса көктеп кірді. Видеода ұрыстың басы түспеген. Медбике соңына дейін науқастың намысына тиген сөздерін тыңдап тұрған. Медбикеміз сауатты, жауапкершілігі мол қызметкерлердің бірі. Бұған дейін оның мұндай шуға қатысы болмаған. Біз қандай жағдай болмасын кінәні мойындаймыз және келіншек пен оның отбасынан кешірім сұрадық», - деді бөлім меңгерушісі.

Ал емхананың бас дәрігері болса, бұл жағдай бойынша арнайы комиссия жинап, медицина қызметкеріне емханаға көмек сұрап келген кез келген пациенттің әрекеті дұрыс екенін түсіндірген.

«Медбикені жұмыстан шығарғымыз келген, бірақ Еңбек кодексіне сәйкес оны жұмыстан қууға еш негіз жоқ. Егер оның қызметін орындауда бұған дейін осындай секілді сөгістері болса, әңгіме басқаша болар еді. Оның бұл жерде еңбек еткен он төрт жылдық еңбек өтілі ішінде мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Соңғы болған оқиғаға қатысты медбикеге және бөлім меңгерушісіне қатаң сөгіс берілді», - деді бас дәрігер Қайырбек Тоқтаров.

Видео: www.diapazon.kz