Полицейлер көшенің қақ ортасында көлік итеріп жүр (видео)

0
1 457

ERNUR.KZ. Желіде Алматының қақ ортасында бұзылып қалған жүк көлігін итерген полицейлердің әрекеті қызу талқыланып жатыр. Видео авторының айтуынша, бұл Сейфуллин мен Ташкент көшелерінің қиылысында орын алған.


Полицейлер көшенің қақ ортасында көлік итеріп жүр (видео)

фото: photosight.ru

ERNUR.KZ. Желіде Алматының қақ ортасында бұзылып қалған жүк көлігін итерген полицейлердің әрекеті қызу талқыланып жатыр. Видео авторының айтуынша, бұл Сейфуллин мен Ташкент көшелерінің қиылысында орын алған.

«Сейфуллина-Ташкентский, полицейлер ГАЗель көлігін итеріп бара жатыр. Жарайсыңдар!» деген автор форма киген шенділерге ризалышығын білдірген. Алайда видео авторының бұнысы желідегілердің кейбіріне жақпай қалды. Олар оқиға куәгері қалта телефонын алып, видеоға түсіріп қызық көрудің орнына көлігі бұзылған жүргізушісіне қол ұшын созғанда адами қасиеті бар екендігін танытар еді деген пікір қалдырды. Ал кейбірі жол ортасында көлігі жүрмей қалған жүргізушіге көмек бергендерді мақтаудың астына алды.

«Полицейлер жарады. Бұл жағдайға кез елген адам тап болуы мүмкін. Бір-бірімізге көмек беріп жүрейік», «Шенділердің де адамгершіліктері бар. Міне, бұл соған дәлел» деген сынды пікір жаудырған қолданушылар көпшілік көп ұната бермейтін сала қызметкерлерін келеке етудің еш қажеті жоқтығын алға тартты.

Видео: желіден алынды