Тойда есі кетіп билеген қыз бен жігітті қария қуып шықты (видео)

0
2 577

ERNUR.KZ. Тойлардың бірінде ортаға шығып, ерсі билеген жас қыз бен жігіт қарияның ашуын туғызды. Есі кетіп билеген жастарға шыдай алмаған ақсақал орнынан тұрып оларды таяғымен қуып шықты. Бұл сәтті әлдекім видеоға түсіріп, ғаламторға салып жіберген. Оны көрген желідегілер қарияның әрекетіне алғыс білдірді.

«Құтырған ит ұқсағандар, ортаның қадірін білмейтін жастар көп болып кетті бұл заманда. Ата дұрыс жасады», «Қария нағыз еркек. Тойдағы өзге қонақтар да атаны қолдауы керек еді. Шыны керек, мұндай көрініске қараудың өзі ұят», «Ата, жарайсыз» деп жазды қолданушылар. Тіпті кейбірі "таяқтың астына алды, енді билемейтін болды" деп жастарды келеке етсе, кейбірі тоқтаусыз билеген арсыз жастар қариядан тізерлеп тұрып кешірім сұрауы керек еді деген пікірін білдірді.
Айтпақшы, бұл тойдың еліміздің қай өңірінде орын алғаны белгісіз. Тек онда еңкейген қариядан бастап еңбектеген балаға дейін қонақтар қатарында болғанын анық аңғаруға болады.