Құрттап кеткен кәмпит сатқандар елдің жағасын ұстатты (видео)

0
4 998

​ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде іші құртқа толы шоколадты сатылымға шығарғандардың әрекеті елдің ашуын тудырды. Белгісіз ер азамат елдегі базарлардың бірінен тәттілерді сатып алған екен.


Құрттап кеткен кәмпит сатқандар елдің жағасын ұстатты (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде іші құртқа толы шоколадты сатылымға шығарғандардың әрекеті елдің ашуын тудырды. Белгісіз ер азамат елдегі базарлардың бірінен тәттілерді сатып алған екен. Ішінен құртты байқаған ол дереу видеоға түсіріп, отандастарына ескертпе жасамақ болады. Видео желіде тез тарап, елдің жиіркенішін тудырды.

«Мынаны кеше Алтын ордадан алып едік, мынаны қараңдаршы. Ішінде құрт. Міне, мынаны ашайын. Ішінде құрт кәдімгідей... Мынада да бар шығар. Міне, мынада да бар екен. Мынандай шоколадты балаларға негізі беру қиын. Кәдімгідей құрттап кеткен... Жеуге болмайды бұл шоколадты, жемеңдер» деп ескерту жасаған видео авторы бірнеше кәмпитті ашып, ішіндегі жыбырлаған құртты көрсетеді.

Бұны көрген желі қолданушылары жағаларын ұстады.

Видео: желіден алынды