«Scat»-тағы оқиға: Ұшақтағы хабарландыру қазақтарды мазақ ету ме? (видео)

0
2 919

​ERNUR.KZ. Мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты ұшақ бортындағы жағдай көпшіліктің ашуын тудырды. Бұл жолы «Scat» әуе компаниясының бортында орын алған жағдай елдің талқысына түсті. Ербол Дайрашов есімді желі қолданушысы борт ішінде хабарландырудың қазақ тілінде айтылған нұсқасына наразылық танытып, болған жағдайдың видеосын өз парақшасында бөлісті.


«Scat»-тағы оқиға: Ұшақтағы хабарландыру қазақтарды мазақ ету ме? (видео)

ERNUR.KZ. Мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты ұшақ бортындағы жағдай көпшіліктің ашуын тудырды. Бұл жолы «Scat» әуе компаниясының бортында орын алған жағдай елдің талқысына түсті. Ербол Дайрашов есімді желі қолданушысы борт ішінде хабарландырудың қазақ тілінде айтылған нұсқасына наразылық танытып, болған жағдайдың видеосын өз парақшасында бөлісті.

«Ұшақтағы қазақ тілінің халі. Жедел жету транспорттарының бірі ұшақ, әрине. Жоғары технологиялы бұл кемеде қазақ тілінің халі бір түзелмей қойды әйтеуір. Әлде жоғарылаған сайын қазақ тілі адам арына сын түсіре ме, қайдам?.. Білмедік, жоғарғы жақта талап етушілер де тым сирек. Ертең о дүниеде Алла пендесінен өзі жаратқан ұлттың тілінде сұрақ-жауап алады дегенді бір ғалымнан естігенім бар еді. Егер солай болып, дәрежең жәннатқа жетіп тұрып, тілден сүрінсек сонша өкініш өртемей ме ішіңді?» деп жазды автор. Видеодан хабарландыру айтушының мемлекеттік тілге шорқақ екенін анық байқауға болады. Ербол Дайрашовтың бұл жазбасы өзгелердің де ашуын тудырды.

«Иә, түсініксіз. Мүмкін орыс қыз оқып тұрған шығар», «Сөз жоқ», «Қазақ тілін мазақ қылу ғой бұл. Сол компанияда бір қазақ жоқ па намыстан жарылатын?», «Ұят», «Міңгір-міңгір етіп не айтып жатыр?», «Оқи алатын адам оқыса қайтеді?» деп ызаға ерік берді желі қолданушылары.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың тамыз айында "Эйр Астана" әуе компаниясының бортында мемлекеттік тілге қатысты шу шыққан болатын. Онда түрік азаматы Оғыз Доған бортсеріктен қазақ тілінде қызмет етуін талап етемін деп басы бәлеге қалды. Ұшақ жерге қона сала түрік азаматын полицейлер ұстап әкетіп, ол борт ішінде қауіпсіздік ережелерін сақтамады деген айыппен айыппұл да төлеуге мәжбүр болды. Ал Оғыз Доған болса, әуе компаниясындағылар Қазақстанның мемлекеттік тілін құрметтемегені үшін деп сотқа шағым түсіріп, моральдық шығын ретінде 1 теңге талап еткен болатын. Бірнеше айға созылған сотта түрік азаматы жеңіп шықты.

Видео: желіден алынды