ТӨСЕКТЕ жыныстық қатынасқа түспей-ақ ЛӘЗЗАТ АЛУҒА болады
Автор мен редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады
Төсек қатынасы – өте нәзік тақырып. Ал одан ләззат алып, рахатын сезіну одан да қиын секілді көрінуі мүмкін. Бірақ шынайы сезім мен еркін әрекет ету арқылы төсек ләззатының барлық «кереметін» сезінуге болады. Әсіресе, оның аздаған құпияларын біліп алсаңыз, жеткілікті.
Мәселен, әйел омырауымен «ойнап-ақ» әйелді рахаттың шығар шыңына, ләззаттың ең тәттісін сезіндіруге болатынын барлық еркек біле бермесе керек. Әдетте, сүйісу мен аймалаудан кейінгі шаруаның барлығы «негізгі» нүктеге қарай өтіп кететін де болар?! Ендеше, аймалап-ақ оргазмға жетелейтін әдісті қолданып көруге болады.
1. Омыраудың ұшынан басқа жерде де «қызық» бар
Әдетте, төсек қатынасы кезінде еркекке қызығы омыраудың ұшы ғана болады. Жалпы, омырау үшін бұл әділетсіздік. Себебі, оның ұшынан басқа жері де аймалауды «күтеді».
Әсіресе, омырау ұшының айналасына тіл жүгірту әйелді естен тандырады. Сонымен қатар, омыраудың бұлтиған бүйірінен де сүйіп, байқап көруге болады. Әсіресе, қолтыққа қарай кеткен шұңқырға таяу жері – өте сезімтал келеді.
Бұл жер кейбір әйелдердің «G» нүктесі деуге болады.
ТӨСЕК ЛӘЗЗАТЫ: Жыныстық қатынас ешқашан да КИНОДАҒЫДАЙ болмайды
2. «Ойыншықпен» ойнауға болады
Мұны әйелмен алдын ала келісіп алуға да болады. Себебі, кейбіріне ұнамауы мүмкін.
Бірақ, «шаруа» қыза келе омырау ұшына мұз кесегін қойып, оны мойын мен ерінге дейін жүргізіп өтсеңіз, құшағыңыздағы сұлу сол мұз секілді ериді. Ал су тамшыларын сүйіп құрғатуды есте сақтау керек. Ол одан сайын «ерітеді».
Жұмсақ қауырсын немесе киімнің бір ұшымен де омырау айналасына жүгіртіп ойнай аласыз.
3. Душ немесе ваннада...
Әрине, жыныстық қатынас үшін тым қолайлы емес. Дегенмен, ерлі-зайыптының арасында мұндай орындарда да «болып тұрады».
Жұмсақ ысқыш немесе сабынмен омырау айналасы мен мойын, бөксе жақты жай қимылмен нәзік ысқылау да әйелдің құмарлығын керемет оятады. Тіпті, сабын көпіршігін де пайдалансаңыз болады.
Ал судан шыққан соң денеге арналға май немесе кремді өзіңіз жағып берсеңіз, әйел бірден күлімдеп жатын жайға қарай бастауы мүмкін.
4. Әдейілеп сүймей қойыңыз!
Иә, ыстық сүйіс, мойыннан аймалап, құшақтау, иығынан, желкесінен өпкеннен соң әдейілеп омырау ұшы мен айналасына жақындамай қойыңыз. Оны десертке қалдырғандай айналсоқтап «жүріп» алыңыз. Мұндай сәттер әйелді ашуландырады. Ал төсекте ашуланған әйелдің құмарлығы екі есе оянады. Әдемі де болып кетеді емес пе ондайда?!
Өзі қолыңыздан жетектеп әкелуі мүмкін омырауға қарай. Міне, осы кездегі әрекетіңіз керемет нәтиже беретініне сеніңіз.
5. Сүйіп барып үрлеңіз
Омырау айналасын сүйіп, ұшына келгенде жәймен ғана үрлеу – әйелдердің көпшілігіне ұнайтын сәт. Қол жүгіртпей-ақ осылайша құмарлығын барынша оятуға болады.
Әйелге мұны көп жасаудың қажеті жоқ, тек сағындыра орындап тұрғаныңыз дұрыс.
Әйел ОМЫРАУЫМЕН «ОЙНАУДЫҢ» да өз ҚҰПИЯСЫ бар
6. Омырау –ерін сияқты...
Иә, қашанда әйел омырауына оның нәзік ерні сияқты қарау керек.
Мысалы, ерінге қол жүгіртпейсіз, саусақ ұшын тигізсеңіз де өте нәзік, еппен ғана әрекет етесіз ғой?! Сол сияқты, омырауға да солай қарауыңыз керек. Әйел басқа-басқа, омырауына келгенде нәзік қимылды қалайды. Ал нәзік қимыл, ол – ерін мен, тілмен аймалау.
Дайындаған: Ж.Байтұрым,