Бұл тізімде балмұздақ, ірімшік, тіпті құбыр суы да бар
Сурет: ЖИ
Әдетте төсектегі құштарлықтың бәсеңдеуіне қандай да бір дерт, шаршау немесе күйзеліс себеп болады дейміз. Бірақ кейде бұл жай ғана түскі не кешкі аста не жегеніңізге байланысты болуы мүмкін.
Дұрыс таңдалмаған тағамдар денсаулық пен мүсінге кері әсер етіп қана қоймай, жыныстық белсенділікті (либидоны) де төмендетеді. Назарыңызға жыныстық құштарлыққа кері әсер ететін тағамдарды ұсынамыз. Тізімдегі кейбір азық-түліктерді көргенде таңғалуыңыз мүмкін!
Қуырылған тағамдар
Картоп-фри, чипстер немесе майға қуырылған тауық қанатшалары өте дәмді болғанымен, олардың құрамында зиянды трансмайлар өте көп. Тұтынылған трансмай қан айналымын баяулатып, ағзаны ауырлатып жібереді.
Ауыр тамақтан соң адамда әлсіздік пен енжарлық пайда болады. Ағзада қуат болмаса, романтикаға қайдан зауқыңыз соқсын?
Краннан ағатын су
Құбыр суын тазалау үшін қолданылатын хлор мен әртүрлі химиялық қоспалар ағзадағы энергия деңгейін төмендетеді. Ауыр металдар мен құбыр хлоры эндокриндік жүйенің жұмысын бұзуы мүмкін. Бұл тікелей жыныстық драйвтың төмендеуіне әкеледі. Сол себепті ішетін және тамаққа пайдаланатын суды міндетті түрде фильтрден өткізіп немесе қайнатып пайдаланған жөн.
Балмұздақ пен қатты ірімшік
Көпшілік сүйіп жейтін бұл тағамдардың түнгі өмірге кесірі тиетінін кім ойлаған? Десе де ақиқат солай, сүт өнімдерін шамадан тыс тұтыну ағзадағы жалпы тонусты түсіреді.
Сүт өнімдерінің көбейіп кетуі әйелдерде етеккір кезіндегі ауырсынуларға (спазм, іштің кебуі) себеп болады. Аптасына сүт өнімдерін тұтынуды 3 порцияға дейін азайтып көрсеңіз, айырмашылықты бірден байқайсыз.
Фастфуд (гамбургер, хот-дог)
Фастфуд өнімдерін дайындауға қолданылатын консерванттар мен соустар гормоналды дисбаланс тудыруы мүмкін.
Егер фастфудты қатты жегіңіз келсе, балама ретінде үйде тауық сүбесін немесе бұзау етін суға бұқтырып, қияр, томат, салат жапырағын қосып пайдалы бутерброд немесе лаваштан жасалған донер әзірлеңіз. Соустың орнына грек йогуртын немесе брынзаны пайдалануға болады.
Тәттілер (торт, кәмпит, тоқаштар)
Тәтті тағамдар аздаған мөлшерде мидың жұмысын жақсартқанымен, оны шамадан тыс жеу глюкоза деңгейін күрт көтеріп жібереді. Қандағы қанттың жиі құбылуы тестостерон мен эстроген гормондарының теңгерімін бұзады. Егер либидоның төмендігіне шағымдансаңыз, күнделікті рациондағы тәттінің мөлшерін азайтыңыз.
Соя сүті
Соя сүті вегетариандар мен сиыр сүтіне аллергиясы бар жандар үшін таптырмас балама. Дегенмен, оның да өз кемшілігі бар. Сояның құрамында өсімдік фитоэстрогендері бар. Егер ағзаңызда эстроген деңгейі онсыз да жоғары болса, соя сүті гормоналды дисбаланс тудырып, қоздырғыштық қабілетті азайтады. Егер сиыр сүтіне аллергияңыз болмаса, соя сүтін тек кейде, мәселен кофеге аз-маздап қосып ішкен абзал.
Алкоголь
Аздаған мөлшердегі шарап немесе коктейль адамды босаңсытып, ұяңдықты жеңуге көмектесуі мүмкін. Бірақ биологиялық тұрғыда спиртті ішімдіктерді шамадан тыс ішу либидоны толықтай басады. Алкоголь ішкен кезде дегидратацияны (ағзаның сусыздануын) болдырмау үшін әр бокалдың арасында кемінде бір стақан таза су ішіп отыру ұсынылады.
Ал егер құштарлықты азайтқыңыз келсе...
Егер белгілі бір себептерге байланысты либидоны төмендету керек болса, балмұздақ пен картоп-фриге жабысудың қажеті жоқ. Тізімдегі тағамдар ағзаның жалпы саулығын нашарлату арқылы ғана құштарлықты басады, бұл денсаулыққа зиян.
Оның орнына:
- Жалбыз қосылған шай ішіңіз;
- Тыныштандыратын шөптер жинағын пайдаланыңыз.
Әр адамның ағзасы жеке ерекшеліктерге ие. Денсаулығыңызға немесе гормоналды фонға байланысты сұрақтар туындаса, міндетті түрде білікті дәрігерге (эндокринолог, сексолог) жүгініңіз.
Аударған: Х. ОРАЛ,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
РАҚАТтан кейінгі АУЫРСЫНУ: 6 себебі және мәселені шешу жолдары


