Круиз кезінде онда норовирус симптомы бар 90 жастағы жолаушы қайтыс болған.
Фото: cruisecritic.com
ERNUR.KZ. Францияның Бордо портында Ambition круиздік лайнерінің жолаушылары карантинге жабылды, деп жазады inbusiness.kz.
Круиз кезінде онда норовирус симптомы бар 90 жастағы жолаушы қайтыс болған. Әзірге, өлімнің себебі нақты айтылған жоқ. Лайнер бортында 1200-ден астам жолаушы және тағы 500-ден астам экипаж мүшесі бар.
Францияның Денсаулық сақтау министрлігі лайнер бортындағы тағы шамамен 50 адамда норовирус симптомдары бар екенін айтты.
Бордо билігі 3 жолаушының өз каюталарында оқшауланғанын, ал қалғандарын жағаға шығармай жатқанын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта кемеде күшейтілген дезинфекциялық жұмыстар жалғасып жатыр. Круиз 6 мамырда Шетланд аралдарынан сапарын бастап, кейін Бордо портына жеткен.


