2 жасар бүлдіршін екпеге арналған 8 инені жұтып қойды

0
718

Бала анасы жұмыс істейтін фермада ойнап жүріп, ветеринарлық инелерді тауып алып, жұтып қойған.


2 жасар бүлдіршін екпеге арналған 8 инені жұтып қойды

ERNUR.KZ. Перуде сегіз тал ине жұтып қойған екі жасар бүлдіршінге операция жасалды, деп жазады zakon.kz.

Дәрігерлер сәбиге бірден операция жүргізіп, ішіндегі инелерді алып шықты.

Бала анасы жұмыс істейтін фермада ойнап жүріп, ветеринарлық инелерді тауып алып, жұтып қойған. Бірақ сол мезетте оны ешкім байқамай қалған.

Дәрігерлер бала операциядан кейін жылдам оңалып жатқанын айтады. Дегенмен бірнеше күн бақылауда бола тұрады.

"Қорада ойнап жүріп тауып алды да, жұтқан көрінеді. Мен ара-тұра сол фермаға барып, жұмыс істеуге мәжбүрмін. Өйткені бала-шағамды жалғыз асырап отырмын".Баланың анасы Нарли Олортеги Писко