30 секундта жояды: Коронавирустан 99,9% қорғайтын зат табылды

0
670

Microbac Laboratories тәуелсіз халықаралық зертханасының зерттеушілері ерекше мәлімдеме жасады.


30 секундта жояды: Коронавирустан 99,9% қорғайтын зат табылды

ERNUR.KZ. Ауыз қуысын шаюға арналған сұйықтықты қолдану коронавирустық пандемия кезінде күнделікті қорғаныс шараларының қатарын толықтыра алады, деп хабарлайды Хабар24.

Мұндай тұжырымды Microbac Laboratories тәуелсіз халықаралық зертханасының зерттеушілері жасады.

Агенттіктің хабарлауынша, зерттеушілер құрамында 0,07% концентрациясындағы CPC (Cetylpyridinium Chloride – цетилпиридиния хлориді) бар ауыз шайғыш заттар коронавирус штаммының белсенділігін 99,9% басқанын анықтады. Нақтырақ айтқанда вирус 30 секунд ішінде жойылған.

Сонымен бірге, ауыз қуысын шаюға арналған заттың коронавирустың адамнан адамға таралуын толық тоқтатуға кепілдік бере алмайтындығы баса айтылады.