65 жастағы әжейді жар етіп алған 24 жастағы жігіт желіде қызу талқыға түсті (фото)

0
1 090

"Егер сіз әлі екінші жартыңызды жолықтырмаған болсаңыз, уайымдамаңыз, ол әлі дүниеге келмеген болуы керек".


65 жастағы әжейді жар етіп алған 24 жастағы жігіт желіде қызу талқыға түсті (фото)

ERNUR.KZ. Индонезияның оңтүстік Суматра қаласының 65 жастағы тұрғыны алғашқы күйеуімен ажырасып кеткеннен кейін араға 30 жыл салып, екінші рет тұрмыс құрды. Бұл жолы оның таңдауы 24 жастағы Арди Варас есімді жігітке түскен, деп жазады kaz.nur.kz.

65 жастағы Мба Гамбренг пен 24 жастағы Арди би тобында танысқан. Жас жігіт топта өнер көрсеткен, ал әжей жетекшілердің бірі болған.



Осылайша, қарт кісі бір жыл бұрын өзге балалар секілді 24 жастағы Ардиды асырап алған. Әжей асырап алған балаларының барлығын үйлендіріп, құтты орнына қондырыпты. Ал Арди үйленген жағдайда тек Мбаны ғана жар етіп алуға дайын екенін мәлімдеген.



Әжей өз кезегінде мұндай ұсынысқа таңырқап қалғанымен, қуана келісімін беріпті. Жігіт тіпті, қалыңдығы үшін 100 мың индонезиялық рупий көлемінде қалың мал төлеген.



Facebook желісінде жұбайлар қызу талқыға түскен. Десе де олардың басым бөлігі ерлі-зайыптыларға бақыт тілеп, ешкімнің сөзіне құлақ аспауға шақырған.

"Егер сіз әлі екінші жартыңызды жолықтырмаған болсаңыз, уайымдамаңыз, ол әлі дүниеге келмеген болуы керек", "Жаратқанның өзі қаласа, мүмкін емес нәрсе жоқ. Бақытты болыңыздар", "Махаббат жасқа қарамайды", - деп жазды олар.