76 жастағы әже жүкті болып, баланы дүниеге әкелуге шешім қабылдады

0
391

Шөбересі видеоға түсіріп, дәрігердің әжесіне жүктілігі туралы айтқан сәтін көрсетті.


76 жастағы әже жүкті болып, баланы дүниеге әкелуге шешім қабылдады

ERNUR.KZ. АҚШ-та 76 жастағы әже жүкті болып, баланы дүниеге әкелуге шешім қабылдады, Stan.kz.




Әйелдің "12-апта жүктімін" деген мәлімдемесі бар видеосы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Әженің шөбересінің айтуынша, ол баланы дүниеге әкелгісі келеді. Қарт әйел ауруханаға басы айналып, өзін нашар сезінгенін айтып барған. Бірақ дәрігер оған жүктіліктің 12 аптасында екенін хабарлап, жақында ана болатынын білген.

Шөбересі видеоға түсіріп, дәрігердің әжесіне жүктілігі туралы айтқан сәтін көрсетті. Қысқа видеода аурухана қызметкері бөлмеге кіріп, әйелдің не тапқанын хабарлайды. Егер бұл мәлімдемелер шын болса, ол әлемдегі ең қарт ана болу рекордын жаңартады.

"Біз сіздің зәр талдауыңызды алдық және сіз шынымен жүкті екенсіз", – деді қызметкер.

Содан кейін дәрігер әйелдің 12 апталық жүкті екенін айтып, соңғы уақытта жыныстық қатынасқа түскенін сұрады. Осы кезде әже "жоқ, жоқ!" деп шұғыл жауап береді. Ал дәрігер артынша дәрігер күлімсірейді.

Шөбересі Мийяның айтуынша, оның видеосы төрт күн ішінде 40 миллионнан астам қаралым жинаған. Құрсақтағы бала биыл жазда, шілде айында дүниеге келеді деп жоспарланып отыр.