8 наурызда Түрікменстан әйелдеріне үш доллардан беріледі

0
1 619

Сыйлық балабақшаға бармайтын қыздарға және үш жасқа дейінгі балалары жоқ жұмыссыз әйелдерге берілмейді.


8 наурызда Түрікменстан әйелдеріне үш доллардан беріледі

ERNUR.KZ. Халықаралық әйелдер күніне орай Түрікменстан әйелдеріне үш доллардан ақшалай сыйлық беріледі, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы 27 ақпанда Үкімет отырысында мәлім болды. Мұндай тапсырманы президент Гурбангулы Бердімухамедов экономика және қаржы жөніндегі вице-премьер Гадыргелді Мушшиковқа берді.

Түрікменстан әйелдері халықаралық әйелдер күніне орай 60 манат (елдің ақша бірлігі) көлемінде ақшалай сыйлық алады. Бұл қара нарықтың бағамы бойынша шамамен үш долларға тең.

Ақша жұмыс істейтін әйелдер мен оқушыларға, сондай-ақ зейнетақы мен жәрдемақы алатындарға беріледі. Сыйлық балабақшаға бармайтын қыздарға және үш жасқа дейінгі балалары жоқ жұмыссыз әйелдерге (балаға арналған жәрдемақы алмайтындарға) берілмейді. Бұл оларға ақшаның жалақы, жәрдемақы немесе зейнетақы беретін ұйымдардың бюджетінен бөлінуіне байланысты.