Әблязовтің сыбайласы АҚШ-та ұсталды

0
716

Ресейлік кәсіпкер Александр Удовенко Лондоннан қашып, 2009 жылы "жоқ" болған еді.


Әблязовтің сыбайласы АҚШ-та ұсталды

ERNUR.KZ. Сотталған банкир Мұхтар Әблязовтің сыбайласы Александр Удовенко АҚШ сотының алдында жауап берді. Ол Вашингтон маңындағы қалашықта ұсталған, деп жазады Тengrinews.kz.

Ресейлік кәсіпкер Александр Удовенко Лондоннан қашып, 2009 жылы "жоқ" болған еді. Басылым мәліметінше, Удовенко Лондонда Әблязовтің мүддесін қолдаған және оффшорлық компаниялар желісін ашуға атсалысқан. Миллиардтарды банктен шығарып, жеке шоттарға аударып отыру үшін қажет болған. Кейінірек Удовенко Америкаға кетіп, Мэриленд штатындағы Бетесд қаласында "инвестициялық кеңесші" болып қызмет еткен.

Ұлыбританиялық сот ресейлік кәсіпкердің "Әблязовтің басты қолдаушыларының бірі" екенін анықтаған. Оның номиналды ие және "ұрланған қаражатты аудару үшін пайдаланылған жүздеген оффшор компанияларының" әкімшісі болған.

Осыған дейін, Мұхтар Әблязовті АҚШ-та соттауы мүмкін екені айтылды. Нью-Йорктегі сот ісі осыдан төрт жыл бұрын Алматы әкімдігінің арызы бойынша және БТА Банк арызы қаралған. Мұхтар Әблязовті және оның сыбайластарын АҚШ-та жымқырылған қаражатты айналдырды деп айыпталған. Әкімдік дәйектер жинап, осы қылмыстың куәгерлерін тапқан.

Қазақстанда 2018 жылы 27 қарашада банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін Мұхтар Әблязовті сырттай өмірбойына соттады.