Аборигендер жергілікті билікті сотқа берді

0
3 848

Олар ата-баба жерінен көшіргендері үшін 50 млрд доллар өтемақы талап етіп отыр.


Аборигендер жергілікті билікті сотқа берді

ERNUR.KZ. Австралияда өмір сүретін екі тайпа Бигамбул және Кума жергілікті билікті сотқа берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар ата-баба жерінен көшіргендері үшін 50 млрд доллар өтемақы талап етіп отыр. Талап-арыз 23 желтоқсанда сотқа жіберілді. Айтуларынша, Куинслэнд штатындағы сан ғасырдан ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалып келген аумақтан айырылу байырғы жұртты мәдени-экономикалық шығынға әкелген. Ал оны қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет. Жалпы, бұл аборигендер мен билік арасындағы бірінші даулы мәселе емес. Бұған дейін Нунгар тайпасы Австралия билігіне 290 млрд доллар төлеу туралы талап қойған болатын. Аборигендер жергілікті билікпен 1992 жылдан бері соттасумен келеді. Сол кезде Жоғарғы сот британ отаршылдарының «250 жыл бұрын Австралия елсіз болған» деген декларациясын мансұқ етті. Қазіргі таңда құрлықтағы даулы аумақтар көлемі 2,5 млн шаршы метр шамасында.