Әдейі құлады: Лукашенко жеңіске жеткен шаңғы жарысы жұртты күлдірді

0
2 555

Президенттің ресми Telegram-арнасында мәреге жеткен Лукашенконың видеосы пайда болды.


Әдейі құлады: Лукашенко жеңіске жеткен шаңғы жарысы жұртты күлдірді

ERNUR.KZ. Беларусь президенті Александр Лукашенко мереке аясында "Минская лыжня - 2021" жарысына қатысты, деп жазады Tengrinews.kz.

Президенттің ресми Telegram-арнасында мәреге жеткен Лукашенконың видеосы пайда болды. Оның қарсыластарының бірі мәреге жетерге 30 секунд қалған кезде төрт рет құлап, нәтижесінде президент жеңіске жеткен.

Желі қолданушылары президенттің қарсыласы жеңіске жетпеу үшін әдейі құлағанын айтады.

"Московский комсомолец" "Лукашенконың қарсыласы үш рет әдейі құлап, ел президентін басып озбау үшін орнынан тұра алмайтындай кейіп танытқанын" жазады.

Ал Лукашенконың баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонт БАҚ-та тараған ақпарат фейк екенін айтады.


"Трибунада мыңдаған адам отырған кезде, қайдағы берісу? Бізде ондай да болуы мүмкін, ұйымдастырушылар біледі ғой. Президент ондайға қатты қарайды, берісе салғандар жұмыстан шығып кетуі мүмкін", - дейді Эйсмонт РИА Новостиге.


Оның айтуынша, "видеода басқа жарыс - жаңадан келген ойыншыларға арналған жарыс".

"Бұл салыстырмалы түрде әлем чемпионаты және IBU кубогы секілді...Президент жаңадан келген қатысушыларды қолдау үшін сол жерде қалды. Ал видео авторлары жарыс пен оған қатысушылардың видеосын табуына болар еді. Бірақ олай істемей, кезекті фейк пайда болған", - дейді Эйсмонт.


Ол қажет болған жағдайда баспасөз қызметі "спорттық жарыстың видеосын ұсына алатынын" айтты.

"Беларусь 1" мәліметінше, видеода құлап түскен шаңғышы - танымал хоккейші. Шаңғыны өмірінде үш рет қана қолданған және жарысқа соңғы сәтте ілінген.