Әйел бір сағат қана некеде болып, ажырасып кеткен

0
498

Қазір Кайлидің балалары бар.


Әйел бір сағат қана некеде болып, ажырасып кеткен

Фото: Freepik.com

ERNUR.KZ. Кайли есімді аустралиялық әйел күйеуі жігіттің ойға келмейтін әрекетінің кесірінен бір сағат қана некеде болғанын айтып берді, деп жазады Stan.kz.




Кайлидің айтуынша, ол күйеу жігітпен үйлену тойына дейін алты жыл бірге болған және сырттан қарағанда жұп мінсіз болып көрінген.

Олардың үйлену тойы жақсы өтті, бірақ екеуі бір-біріне серт бергеннен кейін күйеуі жоғалып кетті.

"Бізде салтанатты рәсім болды, біз фотоға түстік. Фотосессия кезінде бәрі керемет болды. Мені оны өмірлік махаббатым деп санадым. Содан кейін ол жоғалып кетті. Одан айлар бойы хабар алмадым", – деді Кайли.

Күйеу жігіттің жоқтығына қарамастан, үйлену тойы жалғасқан, қонақтар не болғанын білмеді.

Сөйтсе күйеу жігіттің басқа сүйіктісі болған екен. Яғни Кайлидің жиен сіңлісімен көңіл жарастырып, сонымен бірге қашып кеткен.

Тойдан кейін туыстары Кайлиден бал айы туралы сұрап, үйлену тойымен құттықтаған. Алайда көп ұзамай ол бәріне шындықты айтты.

Қазір Кайлидің балалары бар.