​Тікелей эфирде заң бұзған екі шымкенттік әкімшілік қамаққа алынды

0
84

Көлік жүргізушісі – 18 жастағы қала тұрғыны


​Тікелей эфирде заң бұзған екі шымкенттік әкімшілік қамаққа алынды

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері Hyundai Sonata автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы тікелей эфир барысында жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады.

Сондай-ақ олар бейәдеп сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.

Полицейлер автокөлікті жедел анықтап, құқық бұзушылықтың жолын кесті.
Көлік жүргізушісі – 18 жастағы қала тұрғыны Абылайхан Баймағамбетов маневр жасау және көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзғаны және ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылды. Ал жолаушы – 18 жастағы Санжар Алтынбекке қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік материалдар жинақталды.
Сот шешімімен Абылайхан Баймағамбетов 10 тәулікке, ал Санжар Алтынбек 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Полиция ескертеді: кез келген заңсыз әрекет назардан тыс қалмайды. Әрбір құқық бұзушылыққа тиісті құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапкершілікке тартылады.
Бөлісу