36 жастағы әйел көршісімен жанжалдасып қалған.
ERNUR.KZ. Башқұртстанда әйел адам темекіден шыққан жанжалдан кейін көршісінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген. Енді ол кісі өлтіруге оқталғаны үшін ол сот алдында жауап бермек, деп жазады nur.kz.
Оқиға Агидель қаласында, тұрғын үйдегі подъезде болған.
Республика прокуратурасының мәліметінше, 36 жастағы әйел түнде тұрғын үйдегі баспалдақ алаңында темекі шеккен көршісімен жанжалдасып қалған.
"Мас күйдегі әйел кикілжің кезінде бір бөтелке бензинді алып, көршісінің үстіне төгіп, өртеп жіберген. Салдарынан ер адам денесінің 50 пайызын күйік шалған", – деп хабарлады прокуратурадан.
Күдіктіге қатысты асқан қатыгездікпен кісі өлтіруге оқталғаны үшін қылмыстық іс қозғалған.
"Айыпталушы өзінің кінәсін ішінара мойындады. Қылмыстық іс Краснокамский ауданаралық сотына берілді", – дейді прокуратурадан.