АҚШ ресейлік ураннан бас тартты - Байден заңға қол қойды

0
393

Росатом АҚШ-тағы 90 коммерциялық реакторға байытылған уранды жеткізетіндіктен, кәсіпорын негізгі шетелдік жеткізуші ретінде қарастырылады.


АҚШ ресейлік ураннан бас тартты - Байден заңға қол қойды

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Джо Байден Конгресс қабылдаған Ресейден уран импортына тыйым салатын заңға қол қойды, деп жазады sputnik.kz.

"2024 жылдың 13 мамырында президент Ресейде немесе ресейлік кәсіпорынмен өндірілген радиацияланған, аз байытылған уранның импортына тыйым салатын "Ресейлік уран импортына тыйым салу туралы" HR 1042 заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Заңға қол қойылғаннан кейін ресми мәлімдеме жасаған Джейк Салливанның айтуынша, бұл тарихи құжат.
"Президент Байден азаматтық ядролық энергия бойынша Ресейге тәуелділікті азайту және жою арқылы АҚШ-тың энергетикалық және экономикалық қауіпсіздігін нығайта түсетін тарихи әрекеттер туралы заңға қол қойды", - делінген хабарламада.
Джейк Салливан жаңа заң "Американың ядролық саладағы көшбасшылығын қалпына келтіретініне" сенімді.
"Бұл біздің энергетикалық секторымызды болашақ ұрпақтар үшін қорғауға көмектеседі. Президенттің өтініші бойынша Конгресс бөлген 2,72 миллиард долларды негізге ала отырып, бұл АҚШ-та жаңа байыту нысандарын құруға серпін береді", - деді Салливан.
АҚШ Сенаты 30 сәуірде Ресейден уран әкелуге тыйым салатын және заң қабылданғаннан кейін 90 күннен кейін күшіне енетін заң жобасын (HR 1042) мақұлдады.
Дегенмен, АҚШ заңында 2027 жылға дейін бұл тыйым салудан ерекше жағдайларда бас тартуға мүмкіндік беретін ереже бар, мұндай ерекшелік АҚШ-тың "ұлттық мүдделеріне" сәйкес келсе деп көрсетілген.
Заң 2040 жылға дейін әрекет етеді. Сонымен бірге, заңның өзі энергетика министріне Мемлекеттік хатшымен және сауда министрімен келісе отырып, уран жеткізудің басқа көздері болмаған жағдайда немесе ресейлік отынды импорттау АҚШ-тың "ұлттық мүддесіне" сай болса, бұл тыйымды алып тастау құқығын береді.
Қазір АҚШ-тағы атом энергетикасының үлесі 20%, АҚШ өзін отынмен 30%-ға қамтамасыз ете алады, ал Ресейден жеткізілетін уран шамамен 20%-ды құрайды.