АҚШ-та 14 жастағы бала отбасының барлық мүшесін атып тастады

0
949

Әзірге жеткіншектің мұндай әрекетке неге барғаны белгісіз.


АҚШ-та 14 жастағы бала отбасының барлық мүшесін атып тастады

ERNUR.KZ. АҚШ-та 14 жастағы бала отбасының барлық мүшесін тапаншамен атып тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Алабама штатының Элкмонт қаласында болды. Жеткіншек кеш түсе 911 қызметіне телефон шалып, үйден атыс естігенін хабарлаған. Оқиға орынына келген полицейлер үйдің ішінен 2 бала мен 1 адамның өліп жатқанын көреді. Тағы екі адам ауыр халде ауханаға жеткізіліп, сонда көз жұмады. Тергеу барысында жеткіншек оларды өзі өлтіргенін мойындады. Әзірге оның мұндай әрекетке неге барғаны белгісіз. Тергеу жалғасуда.