Рукчанокқа 2021 жылы X әлеуметтік желісінде жарияланған екі жазбаға байланысты айып тағылған.
Фото: Nation Thailand
ERNUR.KZ. Таиландтың апелляциялық соты оппозициялық Халық партиясынан парламент депутаты Рукчанок Сриноркты король Маха Вачиралонгкорнға тіл тигізгені үшін үш жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады inform.kz.
Айта кетейік, 2023 жылғы желтоқсанда сот депутатты екі айып бойынша да кінәлі деп танып, алты жылға бас бостандығынан айырды.
Алайда 2026 жылғы 23 қарашада апелляциялық сот істі қайта қарап, Рукчанокты монархияны қорлағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айыру туралы үкімді күшінде қалдырды. Ал компьютерлік қылмыс туралы заң бойынша тағылған айыпты алып тастады. Сот шешімінен кейін депутат үкімге шағымдану кезеңінде кепілмен босатылды. Оның қорғаушылары Жоғарғы сотқа жүгінуді жоспарлап отыр.
Бұған қоса Рукчанок өз кінәсін мойындамай, аталған екі жазбаның ешқайсысын да өзі жарияламағанын айтып отыр.


