АҚШ-та горилладан коронавирус анықталды

0
2 202

Болжам бойынша жануарлар вирусты ауруды симптомсыз өткізген зообақ қызметкерінен жұқтырған болуы мүмкін.


АҚШ-та горилладан коронавирус анықталды

ERNUR.KZ. Дүние жүзінде алғаш горилладан коронавирус анықталды. Бұл туралы Сан-Диего қаласындағы зообақ өкілдері хабарлады. Одан бөлек, COVID-19 екі қызметкерден анықталды, деп жазады tengrinews.kz.

Мекеме мәліметінше, болжам бойынша жануарлар вирусты ауруды симптомсыз өткізген зообақ қызметкерінен жұқтырған болуы мүмкін.

"Сан-Диегодағы зообақтың сафари аймағындағы топ мүшелерінің тесті оң нәтиже көрсетті. Сәрсенбі, 6 қаңтарда екі горилла жөтеле бастады. Дүйсенбі, 11 қаңтарда АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлттық ветеринарлық қызметі жануарлардың да тесті оң нәтиже көрсеткенін растады", - делінген зообақ хабарламасында.

Бұған дейін коронавирус қаракүзендерден анықталған болатын. Ал 2020 жылы Барселонадағы зообақтағы арыстан, ал АҚШ-та қар барысы коронавирус жұқтырған.