АҚШ-та кәсіпкер мейрамханасын бір долларға сатылымға шығарды

0
2 497

Бірнеше адам мейрамхананы сатып алуға қызығушылық танытқан.


АҚШ-та кәсіпкер мейрамханасын бір долларға сатылымға шығарды

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Айова штатында кәсіпкер Ли Чжан өзінің мейрамханасын 1 долларға сатады. Оған пандемияның ауыр қаржылық салдары себеп болды, деп хабарлайды Хабар24.

Кәсіпкер өзінің Lark & Owl мейрамханасы локдаун кезінде үлкен шығынға ұшырағанын айтты. Сонымен қатар төленбеген жалдау ақысы да жиналып қалған көрінеді. Соңғы бір жыл ішінде мейрамхана кәсіпкерге ешқандай пайда әкелмеген.

The Gazette-нің хабарлауынша, мейрамхананы жалға алу құны айына 5000 долларды құрайды. Бұл – мекеменің тұрақты шығындарының бірі ғана.

Бірнеше адам мейрамхананы сатып алуға қызығушылық танытқан.