АҚШ-та ковид тағы белең алды

0
589

АҚШ-та ковид қайта белең алды. Эпид ахуалдың ушығуына індеттің жаңа штаммының пайда болуы және маусымдық тұмау себеп болып жатыр, - дейді мамандар.


АҚШ-та ковид тағы белең алды

ERNUR.KZ. Ауруханаларда маска тағу қайта талап етіле бастады, деп жазады zakon.kz.

Қыс басталғалы ковид жұқтырып, ауруханаға түскен науқастардың қатары көбейген. Індеттің таралуын азайтуы үшін АҚШ емханаларының басым бөлігі бетперде тағуды талап етіп жатыр. Мамандардың айтуынша, жағдай былтырғыдай күрделі болмаса да, бүкіл ел бойынша жүз мыңдаған науқас ауруханаға төсегіне таңылып, мыңдаған адам көз жұмуы мүмкін. Себебі, маусымдық аурулар эпид ахуалды одан бетер қиындатып жіберді.

"Ковид пен қоса тұмаумен өзге де қысқы респираторлық вирустарға бей жай қарамауға болмайды. Олар әсіресе, созылмалы аурулары бар, жоғары қауіп-қатер тобындағы адамдарда қауіпті. Тұмау тіпті дені сау адамды, жастармен балаларды да 48 сағат ішінде жедел жәрдем бөлмесінен бірақ шығаруда. Алайда, тұмауға қарағанда адам денсаулығына ковидтің салдары ауыр."Уильям Шаффнер, вандербильт университетінің жұқпалы аурулар жөніндегі сарапшысы

Коронавирустың тез таралуына JN.1 атауымен белгілі жаңа нұсқасы себеп болса керек. Омикронның бұл түрі былтыр қыркүйек айында анықталған. Қазіргі таңда науқастардың 44%-нан вирустың осы варианты табылып отыр. Сондықтан тұрғындар сақтық шараларына аса мән беріп, вакцина салдырғаны абзал, - дейді дәрігерлер.

"Екпе жасауға ешқашан кеш емес. Барлық пациенттеріме вакцина алуды күн сайын айтып келем. КОВИД-ке ат үсті қарамау керек. Белгілерін сезсеңіз жедел тест жасатып, арудың асқыуының алдын алу керек."Роберт Питтс, дәрігер

Індеттің тез таралуының бір себебі де, америкалықтар екпе жасатуды күрт азайтуынан. Өткен жылы тек бестен бірі ғана вакцинасын жаңартыпты. Ал, мамандарының болжауына қарағанда, ай соңына дейін вирус жұқтырғандардың қатары артып, эпид ахуал ушыға түспек.