​АҚШ-та мектепте атыс болып, үш адам қаза тапты

0
224

Қаза тапқандар арасында шабуылға күдікті кәмелетке толмаған бала бар — ол осы мектептің оқушысы болуы мүмкін.


​АҚШ-та мектепте атыс болып, үш адам қаза тапты

Фото: shutterstock

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Висконсин штатының Мадисон қаласындағы христиан мектебінде атыс болып, кемінде үш адам қаза тауып, тағы алты адам жарақат алған, деп жазады inform.kz.

Полиция бұған дейін бес адамның мерт болғанын хабарлады, бірақ кейінірек олардың саны үшеу екені анықталды.

Жергілікті полиция өкілдерінің хабарлауынша, қаза тапқандар арасында шабуылға күдікті кәмелетке толмаған бала бар — ол осы мектептің оқушысы болуы мүмкін.
Полицейлер оқиға орнына жеткенше күдікті әлдеқашан өліп қалғаны белгілі болды. Бұл ретте полиция қару қолданбағанын хабарлады.
Мадисон қаласы — Висконсин штатының астанасы.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Франция президенті Майоттаға ұшып, ұлттық аза тұту жариялайтыны анықталды.