Зардап шеккендердің арасында 6 мен 14 жас аралығындағы төрт бала бар.
Фото: © istockphoto.com
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Бруклин ауданында Тәуелсіздік күнін мерекелеу кезінде атыс болып, сегіз адам жарақат алды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметінше, оқиға 4 шілдеде Кони-Айлендте, мерекелік отшашу өтіп жатқан жағалау маңында болған.
Зардап шеккендердің арасында 6 мен 14 жас аралығындағы төрт бала, сондай-ақ 21 мен 37 жас аралығындағы ересектер бар. Оқ олардың аяқтарына, ішіне, кеудесіне және иығына тиген.
Барлық жараланған адам ауруханаға жеткізілді. Жеті адамның жағдайы тұрақты, ал 21 жастағы әйелдің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


