27 жастағы қара нәсілді ер адам Рейшард Брукс жұма күні кешке полицей қолынан қайтыс болды.
ERNUR.KZ. Джорджия штаты Атланта қаласында тағы бір афроамерикалықтың қайтыс болуына байланысты шерулердің жаңа толқыны басталды. Бұл жолы да полицей афроамерикалықты ұстау кезінде жарақаттаған, кейін ол ауруханада қайтыс болды, деп жазады Tengrinews.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған видеоға штат полицейлері жауап берді. 27 жастағы қара нәсілді ер адам Рейшард Брукс жұма күні кешке полицей қолынан қайтыс болды. Ақпарат бойынша, құқық қорғау органдарына кафе алдындағы тұрақта автомобильде ұйықтап қалған адамға шағым түскен. Полиция қызметкерлері одан алкогольге тест алып, ол оң нәтиже көрсеткен, кейін жанжал кезінде ер адам полиция қызметкерінің электрошок қаруын жұлып алып, қашып кетпек болған, содан кейін полицей оған оқ атқан. Брукс операциядан кейін ауруханада көз жұмды.
Джорджия полициясының тергеу бюросы болған оқиғаны зерттеп жатыр.
Рэйшард Брукс қайтыс болғаннан кейін, қалалық полиция басшысы Эрик Шилдс отставкаға кетті. Бұл туралы қаланың мэрі Кейша Лэнс Боттомс хабарлады.
Атланта мэрі Шилдс қалалық полицияда жұмысын жалғастыратынын айтты.
Боттомс қайтыс болған ер адамның отбасына көңіл айтты. Баспасөз конференциясында ол осы оқиғаға және полиция қызметкерлері тарапынан күш қолданылған басқа да жағдайларға тергеу жүргізуге шақырды.
The GBI is investigating an OIS involving one male subject & Atlanta Police Officers. The subject is deceased. One officer was treated for an injury and released from the hospital.
— GA Bureau of Investigation (@GBI_GA) June 13, 2020
Read press release ⬇️:https://t.co/mnb8V62iSj pic.twitter.com/ZhbAUrUmqJ