АҚШ Украинаға 1 миллиард доллар көлемінде әскери көмек бөлді

0
743

Осылайша Джо Байден әкімшілігінің Киевке бөлген әскери көмегінің жалпы көлемі шамамен 9,8 миллиард долларға жетті.


АҚШ Украинаға 1 миллиард доллар көлемінде әскери көмек бөлді
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Украинаға тағы да 1 миллиард доллар көлемінде әскери көмек бөлетінін жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

Пентагонның мәлімдемесі бойынша, әскери көмек Украинаның қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қарастырылған.

Жаңа әскери пакетте HIMARS реактивті зымыран жүйелері мен NASAMS жылжымалы зениттік зымыран жүйелеріне арналған оқ-дәрілер, 20 шақты 120 мм миномет кешені мен олардың снарядтары, 155 мм калибрлі 75 мың артиллериялық снаряд, танкке қарсы 1 мың Javelin кешені, 50 брондалған медициналық автомобиль, Claymore миналары бар.

Осылайша Джо Байден әкімшілігінің Киевке бөлген әскери көмегінің жалпы көлемі шамамен 9,8 миллиард долларға жетті.