Орталық Азия елдерінің қалалары үздіктер қатарына кіре алмады.
Фото: pixabay
ERNUR.KZ. Happy City Index әлемдегі ең бақытты қалалардың жыл сайынғы рейтингін жариялады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
2025 жылы Копенгаген (Дания) 1039 ұпай жинап, лидер атанды. Ал Цюрих (Швейцария), Сингапур, Орхус (Дания) және Антверпен (Бельгия) үздік бестікке енді.
Әлемдегі ең бақытты қалалар:
- Копенгаген, Дания;
- Цюрих, Швейцария;
- Сингапур, Сингапур;
- Орхус, Дания;
- Антверпен, Бельгия;
- Сеул, Оңтүстік Корея;
- Стокгольм, Швеция;
- Тайбэй, Тайвань;
- Мюнхен, Германия;
- Роттердам, Нидерланды;
- Ванкувер, Канада;
- Вена, Австрия;
- Париж, Франция;
- Хельсинки, Финляндия;
- Ольборг, Дания;
- Берлин, Германия;
- Нью-Йорк, АҚШ;
- Дрезден, Германия;
- Брюссель, Бельгия;
- Женева, Швейцария;
- Порту, Португалия;
- Барселона, Испания;
- Осло, Норвегия;
- Дублин, Ирландия;
- Милан, Италия;
- Роскилле, Дания;
- Рейкьявик, Исландия;
- Окленд, Жаңа Зеландия;
- Аделаида, Австралия;
- Миннеаполис, АҚШ.
Қазақстан мен Орталық Азиядағы басқа елдердің қалалары үздік 200-дікке кіре алмады.
Зерттеу авторларының айтуынша рейтинг жасау кезінде қалалық инфрақұрылым, білім беру, инклюзивті саясат, экология және инновация салаларындағы нақты шешімдер ескерілген.