Алты әйелі бар ер адам балалы болу үшін суррогат ананың көмегіне жүгінді

0
2 869

Бұрын тоғыз қалыңдықпен отау құрған жігіт қазір алты әйелімен тұрып жатыр.


Алты әйелі бар ер адам балалы болу үшін суррогат ананың көмегіне жүгінді

ERNUR.KZ. Бразилияның Сан-Паулу қаласында тұратын 37 жастағы модель Артур О'Урсо алты әйелге үйленіп, әрқайсысынан балалы болғысы келген, деп жазады Stan.kz

Бұрын тоғыз қалыңдықпен отау құрған жігіт қазір алты әйелімен тұрып жатыр. Ол әйелдерінің әрқайсысынан балалы болғысы келетінін мәлімдеді.

Алайда Урсо жұбайларын жүкті болуға мәжбүрлегісі келмейді, сондықтан ол суррогат ананың көмегіне жүгінбек. Ол болашақ баласын өмірге әкелуге келісетін әйелді тауып, бірінші әйелінің жұмыртқасын экстракорпоральды ұрықтандыруға қолдануды жоспарлап отыр.

"Мұндай жағдай ешқашан басымнан өтпеген, мен үшін бірінші рет. Қатты уайымдаймыз, бірақ біз балалы болу арманымызды орындағымыз келеді ", - дейді ер адам.

Артур О'Урсо әке болу үшін 211 мың бразилиялық реалды (18 миллионнан астам теңге) жұмсауға дайын. Болашақта бала асырап алуды да жоспарлап отыр. О'Урсоның бұрынғы серіктесінен он жасар қызы бар, енді ұл бала болғанын қалайды.