"Каракутан" кенінде кезінде алтын өндірілген. Қазір мұнда жұмыс тоқтап тұр.
ERNUR.KZ. Өзбекстанның Самарқанд облысы аумағында мемлекеттік резервтегі "Каракутан" шахтасында алтын іздеген екі азамат қаза тапты, деп жазады sputniknews.kz.
Пахтачи ауданындағы шахтада алтын кенін заңсыз өндірумен айналысқан үш азаматты тас басып қалды.
"Адамдар көмекке келіп, оларды шахтадан шығарып алған. Бірақ екі адам мерт болған, үшіншісі ауруханаға жеткізілді", - деді куәгерлердің бірі.
Өзбекстанның бас прокуратурасы шахтада заңсыз алтын өндірумен айналысқан екі адамның мерт болғанын растады.
"Каракутан" кенінде кезінде алтын өндірілген. Қазір мұнда жұмыс тоқтап тұр.
Пахтачи ауданы тұрғындарының айтуынша, аймақта жұмыссыздардың 70 пайызы алтынды заңсыз өндірумен айналысады.