Amazon басшысының байлығы бір күнде $6,4 млрд артты

0
574

Оның қазынасы $138 млрд-қа жетті.


Amazon басшысының байлығы бір күнде $6,4 млрд артты

ERNUR.KZ. Әлемдегі ең бай адам, америкалық Amazon корпорациясының басшысы Джефф Безостың байлығы компания акцияларының рекордтық өсуіне байланысты бір күнде 6,4 млрд долларға артты, деп хабарлайды Хабар24.

Сейсенбіде Нью-Йорк қор биржасындағы сауда-саттық аяқталған кезде әлемдегі ең ірі онлайн-ритейлердің акция құны 5,3%-ға артып, 2123 долларға жетті. Осылайша, корпорацияның 11,2% акциясына иелік ететін Безостың байлығы күрт өсті. Оның қазынасы $6,4 млрд артып, $138 млрд-қа жетті.

Айта кетсек, 7 сәуірде Forbes Безосты үшінші рет қатарынан әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде бірінші орынға қойды.