Аптап ыстықта көлікте ұйықтап қалған 4 жасар бала көз жұмды

0
273

Мұхаммед әкесінің есігі ашық тұрған көлігіне мініп, көп ұзамай ұйықтап кеткен.


Аптап ыстықта көлікте ұйықтап қалған 4 жасар бала көз жұмды

Фото: Haberler

ERNUR.KZ. Түркияда аптап ыстықта көлік ішінде 4 жасар бала ұйықтап қалып, артынша есін жимай, мерт болды, деп жазады stan.kz.

Оқиға Мазыдагы ауылының Экинжилер ауданында болды. Есінен танып қалған 4 жасар Мұхаммед Арас Темел ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Мұхаммед әкесінің есігі ашық тұрған көлігіне мініп, көп ұзамай ұйықтап кеткен. Бала күн астында тұрған көлікте ұзақ уақыт жатқан екен. Кейін отбасы оны байқап, Мазыдагы мемлекеттік ауруханасына апарды.

Алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, бала тірі қалмады. Бозбаланың денесі құрысып қалыпты.

Мұхаммед Арас Темелдің денесі сот-медициналық сараптама үшін аурухана мәйітханасына жеткізілді. Оқиғаға қатысты тергеу басталды.