Қарызы барларға мемлекеттік қызмет істеуге және шетелге шығуға тыйым салынады

0
1 348

Бұл базаға кірген жеке және заңды тұлғаға ірі келісімдер жасауға, несие алуға және мемлекеттік қызмет көрсетуге тыйым салынып, шетелге де шыға алмайтын болады.


Қарызы барларға мемлекеттік қызмет істеуге және шетелге шығуға тыйым салынады

Өзбекстанда 1 мамырдан бастап коммуналдық қарызы бар азаматтардың тізімі жасалған электронды база іске қосылады, деп хабарлайды centralasian.org.

Бұл базаға кірген жеке және заңды тұлғаға ірі келісімдер жасауға, несие алуға және мемлекеттік қызмет көрсетуге тыйым салынып, шетелге де шыға алмайтын болады.

Қарызы бар тізімге электр энергиясы, суық су және ыстық су бойынша коммуналдық төлемақысы екі айлық есептік көрсеткіштен (1 АЕК – 172 240 сум) асып кеткен азаматтарды кіргізген. Заңды тұлғалар үшін 5 АЕК шамасында қарызы барларды қара тізімге енгізген.

Бірақ борышкерлерді кезекті еңбек демалысына шығуға кедергі келтірмейді екен. Ол үшін бас прокуратура коммерциялық банктермен бірлесіп, әуежай, темір жол және автовокзал жанынан қарызды төлейтін арнайы касса ашпақ. Шетелге шыққысы келетін азаматтар, сол жерге қарыздарын төлеп кетуге болады екен.