2017 жылдың аяғындағы экономикалық қиыншылықтарға байланысты Түркіменстанда Ресей ұнының импорты елеулі түрде азайды. Бірақ өткен жылдың соңы мен биылғы жылдың басында Ашхабад базарларында Қазақстаннан әкелінген ұн құнды тауарға айналды.
Түркіменстан астанасында полиция қызметкерлері сауда нүктелерін тексеріп, қазақстандық ұн сатқандарды тергеп жүр. Бұл туралы Ашхабадтағы шолушы Аманмурат Бугаевқа сілтеме жасап centralasian.org хабарлады.
Оның айтуынша, Түркіменстанда Қазақстан мен Ресейде дайындалған ұн үнемі сатылып келген. Өткен жылы жергілікті астық аз жиналып, қара базарда доллар бағамының көтерілуі салдарынан Түркіменстанда ұн күрт қымбаттап кетті.
Бугаевтың хабарлауынша, 2 сәуірде 1 доллар Ашхабадтағы қара базарда 13,8 сатып алынып, 14,10 манаттан сатылған. Қара базардағы доллар бағамы орталық банк бекіткен ресми бағамнан төрт есе жоғары.
2017 жылдың аяғындағы экономикалық қиыншылықтарға байланысты Түркіменстанда Ресей ұнының импорты елеулі түрде азайды. Бірақ өткен жылдың соңы мен биылғы жылдың басында Ашхабад базарларында Қазақстаннан әкелінген ұн құнды тауарға айналды.
Бұл тауардың көбеюі мен оның сапасына билік күдікпен қарап, "Қазақстанда жасалған" деген жазуы бар қаптарды мұқият қарап жүр. Сол себепті полиция сатушылардан тауар қайдан келгенін дәлелдейтін құжаттар талап еткен, ал мұндай құжаты жоқ саудагерлер тергеліп жатыр.