«Жасыл дәлізбен» өтіп бара жатқан азаматтың әрекеті күдік туғызып, оны тексеруге тоқтатқан.
иллюстрациялық фото: rjs.ru
ERNUR.KZ. Әуежайда асқазанында 100 г алтыны бар азамат ұсталды, деп жазады ca-news.org.
Оқиға Өзбекстандағы Ташкент әуежайында болған.
«Жеке тексеру мен медициналық процедура кезінде азаматтың жалпы салмағы 100 г болатын алтын кесектерін жұтқаны анықталды», - делінген Мемлекеттік кеден комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мәлім болғанындай, Өзбекстан азаматы Үндістанға ұшпақ болған. «Жасыл дәлізбен» өтіп бара жатқан азаматтың әрекеті күдік туғызып, оны тексеруге тоқтатқан.
Аталған жайт бойынша тергеу-тексеру шаралары жүргізілуде.