Bangkok Airways қыркүйектің 15-нен қазанның 31-не дейін өз клиенттерінің орташа салмағы туралы мәліметтерді жинайды.
ERNUR.KZ. Таиландтық Bangkok Airways әуекомпаниясы ұшаққа отырғызу алдында жолаушылардың қол жүгімен бірге салмағын өлшей бастады, деп жазады tengritravel.kz.
Bangkok Airways қыркүйектің 15-нен қазанның 31-не дейін өз клиенттерінің орташа салмағы туралы мәліметтерді жинайды. Мұндай мәліметтер ұшақтың әуеге көтерілетін кезінде максималды массадан аспайтынын дәлелдеу үшін қажет екен.
"Біз мәліметтердің құпия түрде сақталалатынын және тек жолаушылар мен оның жүгінің салмағын білу мақсатында пайдаланылады", - делінген хабарламада.